KAZENERGY жастар форумы

Бүгінгі жастар әртүрлі өзгерістерге тез бейімделеді, еліміздегі және әлемдегі болып жатқан оқиғаларға белсенді түрде пікір білдіреді, сондай-ақ қауымды толғандыратын мәселелерді шешу жолдарын ұсынады.

KAZENERGY Білім беру бағдарламасы шеңберінде 2008 жылы өткізілген стипендиаттардың бірінші кездесуі KAZENERGY Жастар форумына бастама берді:

  • 2009 жылы «Жас мамандарды даярлау және жас комитеттер қызметінің мәселелері» атты KAZENERGY Халыаралық Жастар конференциясы;
  • 2010 жылы «Қазақстанның мұнай-газ кешені үшін жас мамандарды даярлаудың өзекті мәселелері және перспективалары» атты KAZENERGY Халықаралық жастар форумы;
  • 2011-2012 жылдары «Жастар энергиясы – Қазақстанның инновациялық жетістігі» және «Жастар энергетикалық болашақта – өзгеріс факторы және динамизм көзі» ұранымен өткен жастар форумдары;
  • 2013 жылы «ENERGIZE YOUR FUTURE» KAZENERGY алтыншы халықаралық жастар форумымен аталды;
  • 2014 жылы «Қазақстан-Ресей» – Көшбасшылық және инновациялар» Жастар форумы;
  • 2015 жылы «Жастар. Ғылым. Инновациялар» Жастар форумы;
  • 2017 жылы  «Learning for life» Жастар форумы;
  • 2018 жылы «Ұрпақ энергиясы» Жастар конференциясы (білім, жұмыспен қамту, сенім және әр түрлілік);
  • 2019 жылы «Жастар және уақыт талабы» Жастар форумы.

Жастар форумы өткізілген 11 жыл бойы Қазақстанның ірі энергетика компанияларының басшылары, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, жастар қозғалысы мен бастамалардың өкілдері белсенді қатысты.

Жастар форумдары ең жас мамандармен тікелей жұмыс жасауға бағытталған. Барлық іс-шаралар дерлік өздері оригиналды ғана емес, өз қатысушыларын жан-жақты дамытуға мақсат қойды.