Тұжырымдама

Kazakhstan Energy Week – 2023 / XV KAZENERGY Еуразиялық форумының КОНЦЕПЦИЯСЫ

2023 жылғы 3-6 қазан аралығында Астана қаласының EXPO Конгресс Орталығында Kazakhstan Energy Week – 2023 (KEW-2023) / XV KAZENERGY Еуразиялық форумы өтеді.

Іс-шара энергетика және мұнай-газ индустриясында бірнеше ірі оқиғаларды дәстүрлі түрде біріктіреді және Орталық Азия өңірінде барынша маңызды оқиғаға айналмақ.

KAZENERGY қауымдастығының 2006 жылдан бастап өткізіп келе жатқан XV KAZENERGY Еуразиялық форумы Каспий және Орталық Азия өңірлерінде энергетикалық сектордың басты халықаралық оқиғасы болып табылады. KAZENERGY форумы дүниежүзілік елдер үкіметтерінің, халықаралық энергетика ұйымдарының, дипломатиялық өкілдіктердің, энергетикалық сектордың қазақстандық және шетел компанияларының, зерттеу институттары мен консалтингтік агенттіктердің қызығушылығын тудырады. Іс-шара әлемнің 50-ден астам елінің 300-ден астам компаниясынан 205 мыңнан артық делегатының назарын аудартады. Көптеген жылдар бойы Форум қонақтары беделді саяси фигуралар, танымал сарапшылар болды.

2023 жылы Форум ҚР Энергетика министрлігінің, ҚР Сыртқы істер министрлігінің және басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың атынан ҚР Үкіметінің қолдауымен дәстүрлі түрде өтеді.

2023 ЖЫЛЫ САЛАНЫ ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ ТРЕНДТЕРІ

ОПЕК+ елдерінің мұнай өндіру көлемін қысқартуы

ОПЕК+ елдері 2023  жылғы сәуірде жыл соңына дейін мұнай өндіруді қысқарту жөнінде келісті. Бұл 2023 жыл бойы мұнай нарығы қысым астында болатындығын, ал баррель құны өсетіндігін білдіреді. Осы бастамаға Қазақстан да қосылды. Мұнай өндіруді қысқарту туралы өтініштерден кейін мұнайға деген дүниежүзілік баға лезде өсті. Мұнай өндіруші елдер жоғары бағаны ұстап тұруға және өз кірістерін арттыруға ниеттес. Алайда бұл бастама мұнай тұтынушылары болып табылатын мемлекеттер экономикасына теріс әсерін тигізуі мүмкін. Дегенмен, ОПЕК+ кез келген уақытта ұсынысты барынша шектеуге дайын екенін айтты.

Дүниежүзілік экономикада рецессиялар тәуекелдерін, оның ішінде энергия дағдарысы салдарынан күшейту

Халықаралық қысым, оның ішінде саяси қысым дүниежүзілік нарықта дисбалансқа, экономикалық өсімнің төмендеуіне, тіптен, рецессияларға да алып келеді. 2023 жылы басты жаһандық тәуекелдер геосаяси конфронтация, сауда соғыстары, энергетикалық дағдарыс, инфляция, әлеуметтік құбылыстар болып табылады. Осы талаптарға қарсы тұрудың негізгі және қажетті фактор әріптестік болып табылады. Энергия ресурстарын жеткізу сенімділігі мен тұрақтылығы мәселесі аса маңызды.

Геосаяси қарсы тұруға тартылмаған елдердің әлеуеті жаңадан ашылуы мүмкін. Оған жеткілікті көмірсутек ресурстары бар және мұнайды экспорттау мүмкіндіктерін дамытуға ұмтылған Қазақстан да жатады.

 

Энергия ресурстарын жеткізу географиясын өзгерту

 Әлемдегі геосаяси қарсы тұру көмірсутек ресурстарын Батыстан Шығысқа бағытын ауыстырады. Батыста экономика өсімі төмендеп жатса, шығыста ол көтерілуде, энергия ресурстарына сұраныс өсуде. Азия өңіріндегі сұраныс Қытайда карантинді алып тастаумен байланысты – мұнда қазір экономика қайтадан ашылып, отынды тұтыну өсіп келеді.

Қазақстан үшін мұнайды экспорттау бағыттарын диверсификациялау басым міндет болып табылады. Қазір еліміз КТК жүйесі бойынша мұнайдың негізгі көлемін экспорттайды. Алайда 2022 жылы ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың тапсырмасы бойынша экспорттық коридорларды диверсификациялау мақсатында ҚР Энергетика министрлігі Транскаспий бағытын дамытуды, Атырау-Самара магистральды мұнай құбыры арқылы солтүстік бағытта қуаттылықты күшейтуді, Ақтау теңіз сауда кемежайында мұнай бекеттерін жаңғыртуды, сондай-ақ ҚХР-ға мұнай экспорттауды  арттыру үшін Қазақстан-Қытай магистральді мұнай құбырының учаскелерін кеңейтуді көздейтін Жол картасы әзірленді. 2023 жылғы сәуірде Елбасы ірі мұнай-газ жобаларын және экспорттық көлік коридорларын дамыту бойынша жұмысты белсендіру мақсатын қойды.

Саланы жаһандық жете инвестицияламау

Мұнай-газ саласын жаһандық жете инвестицияламау бүкіл әлемде байқалады. 2016-2019 жылдары салаға инвестициялардың орташа көлемі $450 млрд құрады, ал ковид кезінде $307 млрд. төмендеді. Осылайша, бес жыл ішінде нақты көрсеткіш $2,1 трлн құрады – бұл $900 млрд-қа кем. Сарапшылар пікірі бойынша, болған үзілісті компенсациялау үшін 3-5 жыл қажет. Бұның бәрі ресурстық базаны толтыру үшін жағымсыз әсер етеді және әлемдік үкіметтерінің назарын талап етеді. Жаңа күрделі өндірілетін кен орындарын зерттеу инвестициялардың, технологиялардың, экономикалық рецессиялардың шектеулігінен әлі қол жетімсіз.

Энергетиканы цифрландыру

Саланы цифрландыру, жасанды интеллектті пайдалану және машина оқыту барлық кезеңдерде – кен орындарын жобалау мен құрылыстан бастап пайдалануға дейін – жаңа экономикалық шынайылық кезінде аса маңыздылыққа ие болады.  ҚР Президенті Қ.Тоқаев, ҚР Үкіметі мен ҚР Энергетика министрлігі энергетика болашағы жаңа шешімдер мен бизнес-идеяларда екенін бірнеше рет көрсетті.

Қазіргі уақытта Қазақстан энергетикасында көшпелі процестерді мониторингтеу және басқару жүйесі (WAMS⁄WACS), релейді қорғау мен автоматтандырудың цифрлық құрылғылары (РҚА), диспетчерлік бақылау және ақапаратты жинау жүйесі (SCADA), электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі, мұнай мен газ конденсатын есепке алудың ақпараттық жүйесі және басқалар сияқты инновациялық «ақылды» технологиялар енгізілуде. Олар салада өндірістік және бизнес процестерді жақсартуға мүмкіндік береді.

Климаттық «үзілістер» және «жасыл» бастамалар

Жаһандық жылуға қарсы іс-қимылда үзіліс басталды. Энергиялық дағдарысқа қарамастан, Еуропа елдері экологияға, энергияға өту танымал кезінде қабылданған климат туралы ұзақ мерзімді саяси шешімдерге,  әсер ететін көмір генерациясын қайта пайдалануға келді. Жабдықтың сенімділігі, жаңа материалдар мен технологияларды қолдану жағынан тиімділікті арттыру мәселелері, сондай-ақ экологиялық шешімдер әлі де барлық салаға әсер етеді. Осыған байланысты дүниежүзінің елдері климаттық және «жасыл» күн тәртібін ілгерілетуі қажет.

Қазақстанда ең үздік халықаралық тәжірибені есепке алып әзірленген ЖЭК дамытуды мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы жүйесі 2009 жылдан бастап заңнамада бекітілген. 2022 жылы елімізде орнатылған қуаттылығы 2400 МВт ЖЭК 130 объектісі қолданыста болды. 2023 жылы ЖЭК үлесі энергетика құрылымында 5%-ға жетеді.

Энергетика инфрақұрылымын дамыту

Энергетика инфрақұрылымы объектілерін дамыту мемлекеттің тарапынан қадалған назарды талап етеді. Мысалы, Қазақстанда ескірген энергетика инфрақұрылымы мүмкіндігінің шегінде жұмыс істеп тұр, коммуналды жүйелердің аса тозуына байланысты еліміздің барлық өңірлерінде дерлік ауыр авариялар болуда. 2023 жылғы наурызда осыған қарсы тұру ретінде ҚР Президенті Қ.Тоқаев инфрақұрылымдық дамыту тәсілдерін қайта қарауға және еліміздің тұрақты инфақұрылымдық каркасын қалыптастыруға бағытталған, инфрақұрылымдық дамудың негізгі мәселелері мен 2029 жылға дейін іске асыру мерзімдері бар негізгі жобалар көрсетілуі тиіс Ұлттық инфрақұрылымдық жоспарын қабылдауға шақырды.

ІСКЕРЛІК БАҒДАРЛАМА

Іскерлік бағдарлама шеңберінде сессиялардың мынадай форматтары ұсынылады:

  • Пленарлық отырыс (төралқалық отырғызу);
  • Ең ірі халықаралық ұйымдарымен бірлескен сессиялар
    (ЖЭК, БҰҰ ЕЭК, IRENA, Энергетикалық Хартия және т.б.);
  • Министрлік сессия (креслоларға еркін түрде отырғызу);
  • Стратегиялық сессиялар (креслоларға еркін түрде отырғызу);
  • Панельді сессиялар (креслоларға еркін түрде отырғызу, үш спикерден артық емес);
  • Дөңгелек үстелдер;
  • Бірінші басшымен түскі ас форматында әңгіме жүргізу;
  • Энергетикалық диалогтар (бетпе-бет форматында жоғары лауазымды қонақтармен сұхбат жүргізу)
  • Energy Podcast (сала сарапшылары үшін азын-аулақ deep-dive сессиялар);
  • Тақырыптық таңертеңгі астар (СЕО-мен жоғары деңгейдегі таңертеңгі ас, ТНК үшін іскерлік таңертеңгі ас, дипломатиялық таңертеңгі ас, Digital таңертеңгі ас);
  • Саланың техникалық мамандары үшін практикалық семинарлар.

 Қазақстан әріптестерінің күндері

2023 жылы Қазақстанның бірқатар елдермен дипломатиялық қарым-қатынастары аталып өтеді (Бразилия, Еуропалық Одақ, Индонезия, Қатар, Кувейт, Словакия, Тәжікстан, Чехия және т.б.).

KEW-2023 шеңберінде Қазақстанда «Қазақстан әріптестерінің күндері» атты бір тақырыппен біріктірілген ауқымды іс-шара алғаш рет өтеді. Оқиға KAZENERGY қауымдастығының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, еліміздің әріптес елдерінің үкіметтері мен дипломатиялық миссияларының, сондай-ақ ҚР энергетикалық аясында жұмыс жасайтын компаниялардың бірлескен жобасы болмақ.

KEW-2023 алаңында екі жақты диалогтар ұйымдастырылады, энергетика саласында ынтымақтастықты кеңейту үшін мүмкіндіктер мәселелерді шешу жолдары талқыланады.

«Инвестициялық сенімділікті құру» тақырыбында қазақстандық облыстардың энергетикалық инвестициялық жобаларының презентациясы  

KEW-23 маңызды жобаларының бірі «Инвестициялық сенімділікті құру» тақырыбында энергетика саласындағы қазақстандық өңірлердің презентациялары болып табылады. Бұл Қазақстан өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық дамуымен және олардың бірегей инвестициялық мүмкіндіктерімен, капиталды тарту үшін энергетика саласындағы әлеуетті мүмкіндіктерімен танысу үшін өзекті және көп функционалды алаң.

Еліміздің өңірлері бөлігінде мұнай-газ және энергетика саласында инвестициялық жобалардың презентациясы бірыңғай алаңда Қазақстанда ғана емес, Орталық Азия аумағында және Каспий маңындағы мемлекеттерде алғаш рет ұйымдастырылатын болады.

KEW-23 шеңберінде ұсынылатын іс-шара еліміздің әр төңіріне инвестициялық диаолог шекараларын кеңейтуге және әр түрлі өңірлерде энергетикалық жобаларды қаржыландыруға қызығушылық танытқан жаңа инвесторларды тарту үшін қосымша әлеуетін ашуға мүмкіндік береді.

Атап айтқанда, қазақстандық облыстар инвесторларға бүкіл ел бойынша ЖЭО стратегиялық кешендерінің желілерін жаңғыртуға қатысуды, термоядерлық энергетика мәселесін қамти отырып,  электр энергетикасында, заманауи көмір генерациясында, атом өнеркәсібінде өзекті жобаларды ұсына алады.

Іс-шараның басты қатысушылары еліміздің қалалары мен облыстарының әкімдіктері, қазақстандық және шетел компаниялар, халықаралық қорлар, инвестициялық компаниялар, қаржы институттары мен ұйымдары, жеке инвесторлар болады. Бұл ретте қатысушылардың шектелген саны көзделеді.