Форумды өткізу алаңы

KEF/KEW Гейдар Әлиев көшесі, 12 бойындағы көп функционалды іскерлік мәдени ойын-сауық объектісі Конгресс орталығында өтеді.

Көлемі 43 200 ш.м. Конгресс орталығында 3 қабат, сондай-ақ 179 машина орнына арналған жерасты автотұрақ бар. Ғимарат биіктігі 29 метр. Жақын маңайында Hilton Astana бес жұлдызды қонақ үйі және Mega Silk Way сауда ойын-сауық орталығы орналасқан.

Конгресс орталығы Астана қаласында 2017 жылғы 10 маусымда ашылды. Халықаралық форумдарды, конференцияларды, ресми іс-шараларды, сондай-ақ спорттық және мәдени оқиғаларды өткізуге арналған.

Негізгі зал

Жалпы көлемі 3000 ш.м. негізгі зал телескопиялық отырғыштармен жабдықталған, олар кеңістікті және декорацияларды ауыстыруға мүмкіндік береді. Залдың заманауи дизайны мен акустикалық панельдері әр түрлі іс-шаралар концепциясына бейімделген.

Жарық, дыбыс, бейне және сахналық жабдықпен қамтамасыз ету қызметтерін ұсынады.

Конференц-залдары

Панельді сессиялар, дөңгелек үстелдер, презентациялар, конференциялар мен семинарларды өткізуге арналған әмбебап конференц-залдары мобильді бөгеулермен икемді түрде өзгертіледі, ол залдарды 1/2 және 1/4  оңтайлы бөлуге мүмкіндік береді.

1 қабат

2 қабат

3 қабат