Аумағы: 2 724 000 ш. км.
Халқы: 19 879 003 адам (маусым, 2023)
Астанасы: Астана
Тілі: қазақ, орыс
Діні: ислам, христиандық
Интернет аймағы: .kz
Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.
Саяси құрылым:
Мемлекет басшысы Президент болып табылады. Биліктің жоғарғы органы — екі палаталы Парламент, Сенат және Мәжіліс.
Тілі:
Қазақстан Республикасында ресми тіл – қазақ тілі. Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті атқару органдарында қазақ тілімен бірге ресми түрде орыс тілі жүреді. Әр адам өз туған тілінде сөйлеуге және сөйлесу, білім алу және жұмыс жасау үшін тілді таңдауға құқылы, бұл әртүрлі этникалық қабаттағы адамдарға бейбіт түрде өмір сүруге септігін тигізеді.
Орналасуы
Қазақстан екі континент Еуропа мен Азияның түйісінде орналасқан. Аумағы бойынша дүниежүзінде Ресей, Қытай, АҚШ, Аргентина, Бразилия, Канада, Үндістан мен Аустралиядан кейін 9-орында.
Қазақстан ҚХР — 1460 км, Қырғызстанмен — 980 км, Түркменстанмен — 380 км, Өзбекстанмен — 2300 км, Ресей Федерациясымен — 6467 км. шекаралас. Шекараның жалпы ұзындығы — 12187 км.
Республикасы аумағы Батысында Еділдің төменгі ағысынан, шығысында Алтай тауларына дейін, солтүстіктегі Батыс Сібір жазығынан, оңтүстіктегі Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне созылып жатыр.
Климаты:
Қазақстанның табиғаты бір-біріне қарама-қайшылығымен таңғалдырады. Солтүстігі қатал, сібір суығы болса, ал бұл кезде оңтүстігінде өрік шығып, ағаштар гүлденуі мүмкін.
Қаңтардың орташа температурасы солтүстігі мен шығысында -18оС бастап және оңтүстігінде -3оС дейін жоғарылайды.
Шілденің орташа температурасы солтүстігінде +19оС бастап +28оС дейін, ал оңтүстігінде +30оС болады.
Ең қысқа маусым көктем — 1,5 ай, жаз 3 ай, қыс қазан айынан бастап сәуірге дейін созылады.
Қазақстанның ақша бірлігі:
Қазақстанның ұлттық валютасы — бұл қазақстандық теңге, 1 теңге = 100 тиын. 1993 жылғы 15 қарашада енгізілді. Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында ақша айналымында 200 теңге, 500 теңге, 1000 теңге, 2000 теңге, 5000 теңге, 10000 және 20000 теңге банкноттары және 1 теңге, 2 теңге, 5 теңге, 10 теңге, 20 теңге, 50 теңге, 100 теңге тиындары жүреді. Қазақстандық теңгенің 18 қорғау дәрежесі бар. Теңге әлемдегі ең қорғалатын валюталар қатарына кіреді.
Уақыты: Гринвич бойынша 6 сағатқа озады (Астана, Алматы). Қазақстан екі уақыт аймағына бөлінеді: шығыс (негізгі) және батыс.
Саяхат үшін ең тиімді уақыт мамыр айынан бастап қазан айына дейін.
Банк уақыты: 09-00-ден бастап 18-00-ге дейін, дүйсенбі – жұма, үзіліс 13-00-ден 14-00-ге дейін.
Электр қуаты: 220 вольт АС, 50 Гц.
Кредиттік карталар:
Еуропалық және халықаралық кредиттік карталар, оның ішінде Visa, Master Card, Euro Card Алматы, Астана сияқты ірі қалалардың ірі қонақ үйлерінде, сондай-ақ ірі дүкендер мен мейрамханаларда қабылданады.
Валюта айырбастау:
Шетел валютасын теңгеге және керісінше айырбастау кез келген банкте немесе ресми айырбастау пункттерінде жүзеге асырылады. Елден шыққанша дейін айырбастау туралы барлық құжаттарды сақтаған жөн.
Валюта курстарын есептеу үшін Қазақстан Респуликасының Ұлттық банкінің ресми сайтын пайдалана аласыз.