Визалық қолдау

Егер сіз Қазақстанға саяхатқа шығуды жоспарласаңыз немесе шетел жұмысшыларын, іскерлік сапаршыларды, туыстарыңызды шақырсаңыз төмендегі ақпарат пайдалы болады.

1. ҚАЗАҚСТАНҒА ВИЗАЛАР
Қазақстан Республикасына кіру үшін шетел азаматтарына сапар мақсатына және келу мерзіміне байланысты виза қажет.

Қазақстан өзара визасыз сапарлар туралы екі жақты келісімдер жасасқан елдердің азаматтарына виза талап етілмейді. Мысалы, Ресей немесе Әзербайжан.

2. ВИЗАСЫЗ РЕЖИМ

  • Аустралия
  • Австрия
  • Әзербайжан
  • Аргентина
  • Армения
  • Бахрейн
  • Беларусь
  • Бельгия
  • Болгария
  • Босния және Герцеговина
  • Бразилия
  • Ватикан
  • Ұлыбритания
  • Мажарстан
  • Вьетнам
  • Германия
  • Греция
  • Грузия
  • Дания
  • Израиль
  • Индонезия
  • Ирландия
  • Исландия
  • Испания
  • Италия
  • Канада
  • Қатар
  • Кипр
  • Қытай
  • Колумбия
  • Корея
  • Кувейт
  • Қырғызстан
  • Латвия
  • Литва
  • Лихтенштейн
  • Люксембург
  • Малайзия
  • Мальта
  • Мексика
  • Молдова
  • Монако
  • Монголия
  • Нидерланды
  • Жаңа Зеландия
  • Норвегия
  • Біріккен Араб Әмірліктері
  • Оман
  • Польша
  • Португалия
  • Ресей
  • Румыния
  • Сауд Арабиясы
  • Сербия
  • Сингапур
  • Словакия
  • Словения
  • АҚШ
  • Тәжікстан
  • Таиланд
  • Түркия
  • Өзбекстан
  • Украина
  • Филиппин
  • Финляндия
  • Франция
  • Хорватия
  • Чехия
  • Чили
  • Швейцария
  • Швеция
  • Эквадор
  • Эстония
  • Жапония

Келу мерзімі. 74 елдің азаматы Қазақстанда визасыз 30 күнтізбелік күнге дейін (Қытай 14 күн) бола алады. Сапар саны шектеусіз. Алайда осындай мерзім бойынша жиынтық мерзімі 180 күндік кезең ішінде 90 күнтізбелік күннен аспауы керек.

Визасыз режим шеңберінде шетел азаматтары Қазақстанда туристік, жеке және қысқа мерзімді мақсаттар бойынша келе алады. Бұл ретте іскерлік сапарлар кездесулер мен келіссөздер өткізуді, келісімшарттар жасасуды, сондай-ақ конференциялар мен форумдарға қатысуды көздей алады.

Егер сізде сұрақтар туындайтын болса, m.balykbayev@kazenergy.com пошта бойынша жолығуға болады.