СУРИ РАДЖАГОПАЛ

СУРИ РАДЖАГОПАЛ

СУРИ РАДЖАГОПАЛ

Еңбек ресурстарының басқарушысы Карачаганак Петролеум Оперейтинг Б.В.

СУРИ РАДЖАГОПАЛ

Еңбек ресурстарының басқарушысы Карачаганак Петролеум Оперейтинг Б.В.

Суридің бірқатар өнеркәсіптік салалардағы еңбек ресурстары бойынша 30 жылдам астам еңбек өтілі бар. 2017 жылғы шілдеден бері ол Ройал Датч Шелл компаниясымен Карачаганак Петролеум Оперейтинг Б.В. компаниясына еңбек ресурстарын басқарушысы лауазымына іссапармен жіберілген. КПО көшбасшы ұжымының мүшесі бола отыра, ол денсаулық сақтау, қауіпсіздік және жалпы қызмет көрсету бойынша да жауапты.

Сури Шелл компаниясындағы еңбек жолын 2011 жылы Үндістандағы филиалдың еңбек ресурстары бойынша вице- президент қызметінде бастап, Шелл компаниясының Үндістандағы кадрлық стратегиясының барлық қызметтеріне жауапты болды. Талантты қызметкерлер еңбектенетін негізгі тармақ ретінде Үндістан Шелл компаниясы үшін үшінші ірі технология және зерртеу орталығына айналды. 2015 жылы Сури Шелл компаниясының Нидерланд еліндегі бас кеңсесіне еңбек ресурстарындағы өзгеріс енгізу және қатыстыру бөлімінің вице-президенті қызметіне әлем бойынша негізгі трансформациялық жобаларға жетекшілік ету үшін ауыстырылды.

Шелл компаниясына қосылмас бұрын, Сури БиДжи Групп компаниясының Ұлыбритания және Үндістан елдеріне орналасқан БиДжи Азия тармағында еңбек ресурстары бойынша вице-президент лауазымында 7 жыл бойы қызмет етті. Оның жұмыс тәжірибесі Carrier Aircon, United Technologies және Үндістандағы қонақ үй саласында еңбек ресурстарының директоры қызметін де қамтиды.

Суридің Үндістанның озық университеттерінен алған сауда саласындағы бакалавр дәрежесі және еңбек ресурстары бағытындағы ғылыми дәрежесі бар.