KAZENERGY Әйелдер энергетикалық клубының форумы кәсіптік  және жеке өсу үшін қажетті дарындылық пен дағдыларды дамытуға жәрдемдесу және тәжірибе алмасу бойынша мұнай-газ және энергетика салаларында жұмыс жасайтын әйелдер қайымдарына арналған диалогтық алаң болып табылады.

Форумға ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, «Атамекен» ҚР ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің, мемлекеттік органдар, ірі халықаралық ұйымдар, ұлттық және халықаралық мұнай-газ және энергетика компанияларының өкілдері, сала сарапшылары және т.б. қатысады.

2019 жылы KAZENERGY Әйелдер энергетикалық клубының IV Форумының негізгі тақырыбы «Энергетикадағы әйел көшбасшылығының қазіргі заманғы образы» болады.

IV Форумы шеңберінде өткізуге жоспарланатын іс-шаралардың бірі аттас панельді сессия болып табылады, ол Қазақстанның мұнай-газ және энергетика салаларындағы әйелдердің көшбасшылығын дамыту, мансап пен жеке өмір теңгерімі, еңбек ақысын төлеу кезіндегі гендерлік айырмашылық және т.б. мәселелерді қамтитын болады.

Форум шеңберінде мынадай іс-шаралар да өтетін болады:

  • Ақпараттық-аналитикалық шолудың аралық қорытындыларын талқылау бойынша «Энергетикадағы әйелдер» атты дөңгелек үстел;
  • Әйелдер көшбасшылығын дамыту жөніндегі шеберлік класы;
  • Еңбекке қабілетті ұзақ өмір сүрудің және кәсіптік дамудың негізгі факторы ретінде денсаулық пен өмірді ұзарту тақырыбына арналған алаң;
  • Арнайы кешкі кездесу, онда әйелдер өз мансаптары туралы қызықты оқиғаларымен бөліседі.