ДӘУЛЕТЖАН ХАСАНОВ

ДӘУЛЕТЖАН ХАСАНОВ

ДӘУЛЕТЖАН ХАСАНОВ

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Адам ресурстарын басқару жөніндегі басқарушы директоры

ДӘУЛЕТЖАН ХАСАНОВ

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Адам ресурстарын басқару жөніндегі басқарушы директоры

Хасанов Дәулетжан Кеңесұлы Атырау облысында 1971 жылы 21 қазанда туған.

Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгерген.

Білімі: жоғары, 1988-1993 Орал қ. Бастыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтында, Экономика факультетінде, бухгалтерлік есеп бойынша экономист мамандығы бойынша білім алған. 2003-2007 жж. Атырау мұнай және газ институтын Мұнай және газ кен орындарын игеру, тау-кен инженері мамандығы бойынша бітірген.

  • Жұмыс тәжірибесі:
  • 1993 жылғы шілдеден бастап 1995 жылғы желтоқсан аралығында «Теңіз» АҚ бас бухгалтерінің орынбасары.
  • 1995 жылғы желтоқсаннан бастап 1996 жылғы ақпан аралығында  Атырау телекоммуникациялар дирекциясы, Құрманғазы аудандық телекоммуникация торабы, «Қазақтелеком» ААҚ бас бухгалтері
  • 1998 жылғы қыркүйектен бастап 2000 жылғы ақпан аралығында «Қазақойл-Ембі» ААҚ, «Ембімұнайгаз» ААҚ бухгалтерлік есеп және есептілік департаменті директорының орынбасары – бас бухгалтердің орынбасары
  • 2000 жылғы кыркүйектен бастап 2002 жылғы наурыз аралығында «EuroAsia Group» ЖШС бас бухгалтері
  • 2002 жылғы наурыздан бастап 2002 жылғы қыркүйек аралығында – «Каспий Мұнай – ТМЕ» АҚ бас бухгалтері
  • 2002 жылғы қыркүйектен бастап 2004 жылғы наурыз аралығында – «Қазгермұнай» БК» ЖШС, «Ембімұнайгаз» ӨФ, «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ, «Ембімұнайгаз» АҚ бас бухгалтерінің орынбасары
  • 2004 жылғы сәуірден бастап 2005 жылғы қазан аралығында – «Қазгермұнай» БК» ЖШС, «Ембімұнайгаз» ӨФ, «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ, «Ембімұнайгаз» АҚ қаржы департаментінің директоры
  • 2005 жылғы қазаннан бастап 2006 жылғы шілде аралығында – «Қазгермұнай» БК» ЖШС, «Ембімұнайгаз» ӨФ, «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ, «Ембімұнайгаз» АҚ директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары
  • 2006 жылғы шілдеден бастап 2009 жылғы желтоқсан аралығында – «Қазгермұнай» БК» ЖШС бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары
  • 2010 жылғы қаңтардан бастап 2012 жылғы желтоқсан аралығында – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өңдеу» АҚ бірлескен кәсіпорындарды басқару жөніндегі басқарушы директоры
  • 2012 жылғы желтоқсаннан бастап 2016 жылғы сәуір аралығында – «Қаражанбасмұнай» АҚ президенті
  • 2016 жылғы сәуірден бастап 2017 жылғы маусым аралығында – «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры.
  • 2017 жылғы шілдеден бастап 2018 жылғы мамыр аралығында – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өңдеу» АҚ барлау және өндіру активтерін басқару жөніндегі басқарушы директоры
  • 2018 жылғы маусымнан бастап 2018 жылғы қараша аралығында – «Тау-кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ экономика және қаржы жөніндегі бас директоры – басқарма мүшесі. Қазіргі уақытта атақаратын лауазымы адам ресурстарын басқару жөніндегі басқарушы директор.

Марапаттаулары: «Құрмет» ордені, МжГМ Құрмет грамотасы, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ медалі, ҚР Конституциясына 20 жыл медалі, МО Мәслихатына 20 жыл медалі.

Отбасы жағдайы – үйленген.