Форум туралы

KAZENERGY XI Жастар Форумы – «Жастар және уақыт сын-тегеуріндері»

«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» 2018 жылғы 5 қазандағы жолдауында Елбасы 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынды.

Прогресс пен инновациялар өте тез алға жылжып жатқан уақытта жас ұрпаққа қоршаған ортада бейімделу өте қиын… жас ұрпақтың тұлға ретінде қалыптасуы үшін қандай қадамдар жасау қажет? Жаңа технологиялар әлемінде өз-өзін жоғалтпау үшін не істеу қажет?

Жастар үшін барынша талап етілетін өмірлік сценарийлер – оқу, өз әлемі мен елін тану, білім деңгейін арттыру, оның ішінде тәжірибе жүзінде де. Қорықпау қажет. Пікірлестерін іздеу. Жаңалық ашушы болып, қателік жасаудан қорықпау қажет.

Форум мақсаты – жастардың уақыт сын-тегеуріндеріне жауап іздеудің тиімді жолдарын талқылауы, тәжірибе алмасуы, мүдделі тараптар арасында іскерлік қарым-қатынас жасау үшін алаң құру.

Форумда кімді көргіміз келеді? Белсенді өмірлік ұстанымы бар жастарды, болашақ көшбасшыларды, еліміздің болашағы солардың қолдарында.

Сонымен қатар Қазақстаннан және шетелден келген сарапшылардың дискуссиялық панельдеріне және басқа іс-шараларына қатысу жоспарланады.

Жастар форумы шеңберіндегі іс-шаралар әртүрлі тақырыптық алаңдарда өткізілетін болады.