ӘУЕЖАЙҒА/ӘУЕЖАЙДАН ЖӘНЕ КӨЛІКТІК ҚОЛДАУ

Әуежайда қарсы алу:

2019 ж. 22 қыркүйектен бастап Нұрсұлтан Назарбаев атындағы Халықаралық әуежайдың ұшып келу залында іс-шара логотипі бар арнайы ақпараттық тақта тұрады, біздің еріктілеріміз Сізді қарсы алып, қонақ үйге баруға көмектеседі.

Трансфер қызметтері:

Қатысушыларға Нұрсұлтан Назарбаев атындағы Халықаралық әуежайдан ресми әріптес қонақ үйлерге дейін тегін трансфер ұсынылады (Hilton Astana және Wyndham Garden Inn).

Барлық қатысушыларға ұшып келу және орналасу бойынша деректерін Үйлестірушіге forum@kazenergy.com, +7 (7172) 79 49 70 2019 ж. 1 қыркүйектен кешіктірмей жіберу қажет.

Егер Сіз жоғарыда көрсетілген деректерді ұсынбасаңыз, біз Сізге трансфер қызметін ұсына алмайтындығымызды ескерген жөн.

Іс-шара кезінде қатысушылар тұрақты күндізгі көлікті пайдалана алады, ол іс-шара өткізу орны мен ресми қонақ үйлер (ресми әріптес қонақ үйлер тізімі Қонақ үйлер бөлімінде орналасқан. Ресми әріптес қонақ үйлердің атауы автобустың маңдайлық әйнегінде көрсетіледі) арасында жүреді.

Көлікке шектеусіз кіруге рұқсат болу үшін өзімен бірге бэйджді үнемі алып жүру керек. Көлік қозғалысының кестесі көрсетілген қонақ үйлерде іс-шараның ақпараттық тақташайларында, сондай-ақ сайттың осы бөлімінде қолжетімді болады.

Кедендік бақылау туралы ақпарат:

Қазақстан Республикасына келетін барлық шетел азаматтары кедендік бақылаудан өтуі қажет. Қатысушылар 10 мың АҚШ доллардан астам сомасына ақшалай қаражатты және/немесе жол жүру чектерін әкелу кезінде әуежай компанияларының қызметкерлері отырғызу басталғанға дейін тарататын кеден декларацияларын міндетті түрде толтыру қажет.

Кедендік бақылау бойынша барынша толық ақпарат Нұрсұлтан Назарбаев атындағы Халықаралық әуежайдың сайтында қолжетімді.

Егер Сіз іс-шара қатысушылары үшін ұйымдастырылған трансфер қызметтерін пайдаланып үлгермесеңіз, Сіз іс-шараның ресми такси қызметтерімен пайдалана аласыз.

Такси қызметтері:

Іс-шараның ресми әріптес таксиі – TaxovichkoF Astana

Сіз өзіңіздің IOS немесе Android мобильді қондырғыңызда TaxovichkoF Astana қосымшасын орната аласыз. Сонымен қатар Нұр-Сұлтанда Uber және Yandex Taxi қолжетімді.

Нұр-Сұлтанда такси қызметтерінің орташа құны:

  • Халықаралық әуежайдан Нұр-Сұлтан орталығына дейін шамамен 3000 теңге ($7-8);
  • EXPO-2017 аумағындағы Конгресс-орталығынан Нұр-Сұлтанның сол жағалау орталығына дейін шамамен 800 теңге ($2);
  • EXPO-2017 аумағындағы Конгресс-орталығынан Нұр-Сұлтанның оң жағалау орталығына дейін шамамен 1500 теңге ($4).

Әуежайдан такси шақырту үшін әуежайдың ұшып келу залындағы іс-шараның ақпараттық тақтайшасындағы консультантқа жолығуға болады.

Көлік қызметтері бойынша қосымша ақпарат Халықаралық әуежай терминалында орналасқан ақпараттық тақтайшаларда, іс-шараны өткізу орындарында және қонақ үйлерде қолжетімді болады.