ДАНИЯ ЕСПАЕВА

ДАНИЯ ЕСПАЕВА

ДАНИЯ ЕСПАЕВА

Мәжіліс депутаты, қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

ДАНИЯ ЕСПАЕВА

Мәжіліс депутаты, қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Еспаева Дания Мәдиқызы 1961 жылы 5 наурызда Ақтөбе облысы Мәртөк ауданында дүниеге келген.

Жоғары экономикалық білімі бар. Алматы қаласының Қазақ мемлекеттік басқару академиясын экономист мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1982 жылы КСРО Мемлекеттік банкінің Ақтөбе облыстық басқармасында бастаған.

Банк саласындағы жалпы еңбек өтілі 34 жылды құрайды, оның ішінде 17 жыл – басшылық қызмет етіп, сонымен қатар, банк қызметінің барлық учаскелерінде үлкен тәжірибе мен терең білім жинақтаған.

2016 жылдың 24 наурызынан қазіргі уақытқа дейін – VI сайланған «Ақжол» демократиялық партиясынан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі.

Дания МәдиқызыҚазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер бірінші әйел. 2019 жылдың маусымында Мемлекет басшысы лауазымына үміткер болды.

Екі рет Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты болып сайланды (2008 ж., 2012 ж.), “Атамекен” Одағы Ақтөбе филиалының басқарма мүшесі және Ақтөбе облысының аймақтық Үйлестіру кеңесінің мүшесі болды.

14 жылдан астам Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссияның мүшесі болды. Аймақтың қоғамдық және саяси өміріне белсене қатысты. “Құрмет” орденімен және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 және 25 жылдығына арналған медальдармен марапатталған. Екі ұлы және екі немересі бар.