“ҚазТрансОйл” АҚ: өндірістегі әйелдер
«ҚазТрансОйл» АҚ – магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық операторы. Компанияның қызметі елдегі құбыр көлік жүйесін дамытуға және оның тиімді, сенімді әрі қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған.
«ҚазТрансОйл» ішкі нарыққа, транзитке және экспортқа мұнай тасымалдау қызметін көрсетеді, 5 200 шақырымнан астам магистральдық құбырды басқарады және ұзындығы 5 000 шақырымнан асатын үшінші тараптардың құбырларына операторлық қызмет ұсынады.
Компанияда 6 мыңнан астам қызметкер еңбек етеді, олардың шамамен 4 мыңы – жұмысшы мамандықтарының иелері. Солардың ішінде 400-ге жуық әйел бар, әрқайсысы ортақ іске қомақты үлес қосып отыр.
«ҚазТрансОйл» әйелдері техникалық тұрғыдан күрделі бағыттарда жұмыс істеп, кәсібін отбасылық міндеттерімен ұштастырады, спорттық және зияткерлік шараларға белсене қатысады, экологиялық жобаларды қолдайды.
Презентациялық бейнефильмде «ҚазТрансОйлдың» жұмысшы мамандықтарының өкілдері – әйелдер бейнеленген. Олардың еңбектері кәсібиліктің, қайсарлықтың және жауапкершіліктің айқын бейнесі. Біріге жұмыс істеп, олар компанияға алға ұмтылуға қуат береді. Ортақ еңбектің арқасында «ҚазТрансОйл» сенімділік пен тұрақтылықтың символы болып, болашаққа деген нық сеніммен қадам басуда.