«Самұрық-Энерго» АҚ әйелдерінің энергиясы – Сенімділік энергиясы
«Самұрық-Энерго» АҚ – Қазақстан экономикасының барлық салаларының орнықты дамуын қамтамасыз ететін энергиямен жабдықтаудың тиімділігі жоғары жүйесін қалыптастыруға бағытталған ірі көпсалалы электр энергетикалық холдинг. Оның қызметінің негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, бөлу және өткізу; энергетикалық көмір өндіру.
«Самұрық-Энерго» АҚ өз қызметінде әйелдердің толыққанды қатысу қағидатын ұстанып, гендерлік теңдікті қамтамасыз ету бағытында, соның ішінде Компания тобының әйелдері үшін кәсіби желі құруға мүмкіндік беретін Әйелдер клубын ілгерілету арқылы, нәтижелі саясат жүргізеді.
Бүгін біз саланы алға жылжытып келе жатқан әйелдердің үлесін атап өтеміз!
Әйел-инженерлер инновациялық жобаларды жүзеге асырады. Әйел-зерттеушілер экологиялық шешімдерді әзірлейді. Әйел-көшбасшылар бизнесті түрлендіріп, үдерістерді басқарады. Біз әріптестерімізді мақтан тұтамыз және болашақ энергиясы әйелдердің күш-қуаты мен ақыл-парасатынсыз мүмкін еместігіне сенеміз!