Жұмысшы мамандықтарының жылы: еңбек адамы

Манар Әміреева – «Қаратау» ЖШС-тің кенішіндегі физико-химиялық зертхананың 6-дәрежелі зертханашысы.
Манар – өндірісте жұмыс істейтін өз ісінің білікті маманы.
 Ол күкірт қышқылы, аммиак селитрасы, сондай-ақ алмасу шайыры түріндегі шикізатты пайдалана отырып, құрамында уран бар ерітінділердің химиялық құрамына талдау жүргізеді, нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес зертханалық бақылауды жүзеге асырады.
 Күнделікті еңбегімен ол кәсіпорынның дамуына өз үлесін қосып жүр.