Атом холдингінде әртүрлі мамандықты меңгерген әйел-қыздар еңбек етеді
Атом холдингінде әртүрлі мамандықты меңгерген әйел-қыздар еңбек етеді, олардың арасында геолог, технолог, химик, металлург, аппаратшы және тағы басқа мамандық иелері бар.
Кей мамандықтардың ерекшелігі мен қиындығына қарамастан, Қазатомөнеркәсіп кәсіпорындарындағы әйел-қыздар ер-азаматтармен тең жұмыс істеп, атом өнеркәсібінің дамуына елеулі үлестерін қосып келеді.
Компания қызметкерлердің бәріне бірдей мүмкіндіктер ұсына отырып, олардың кәсіби және мансаптық өсуіне қажетті толық жағдай жасаған.