Дөңгелек үстел ECOJER: «ҰДАЖ 3.0. Қазақстан Республикасы: жаңа климаттық вектор»
Қазақстан 2035 жылға дейінгі ұлттық деңгейде анықталған жарналарды (ҰДАЖ 3.0) қайта қарастырып, шығарындыларды азайту, климат өзгерістеріне бейімделу және климаттық саясатты ел дамуына интеграциялау бойынша амбициялық мақсаттарға ұмтылуда.
Ұлттық деңгейде анықталған жарналар 3.0-ге өту үшін мемлекет, бизнес, ғылым және азаматтық қоғам күш-жігерін біріктіру қажет. Жаңартылған міндеттемелер нақты, әлеуметтік әділетті және экономикалық тұрғыдан негізделген болуы тиіс.
Үкімет халықаралық серіктестердің, соның ішінде ҰДАЖ серіктестігінің (NDC Partnership) қолдауымен, ҰДАЖ міндеттемелерін инвестициялық-саяси іс-қимыл жол картасына айналдыру үстінде жұмыс істейді.
Дөңгелек үстелде жаңартылған міндеттеменің негізгі аспектілері талқыланады: 2035 жылға дейін шығарындыларды азайту мақсаттары, приоритеттік салалардағы декарбонизация шаралары, қаржыландыру механизмдері, әділетті өту мәселелері және Париж келісімінің 6-бабында көзделген ынтымақтастық әлеуеті. Сондай-ақ, міндеттемені іске асырудағы кедергілер мен шарттар, оның ішінде институционалдық және технологиялық аспектілер қарастырылады.