2013 жылы мұнай-газ және энергетика салаларында гендерлік саясатты дамытуды қолдау мақсатында KAZENERGY Әйелдер энергетикалық клубы (ӘЭК) құрылды. Содан бері бес ірі форум (2013, 2015, 2017, 2019 және 2021 ж.), ірі компаниялар алаңдарында (Теңізшевройл, Ембімұнайгаз, Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.) көшпелі отырыстар, «Қазақстанның энергетика секторында әйелдердің рөлі» Қазақстан энергетикасындағы бірінші гендерлік зерттеу өткізілді.
ӘЭК спикерлері мен модераторлары ретінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, мемлекеттік органдар өкілдері, «KAZENERGY» қауымдастығының мүшелері, ұлттық және халықаралық сарапшылар қатысты.
XIV KAZENERGY Еуразиялық Форумының шеңберінде 2021 жылғы 7 қазанда өткен «Women in Energy: Equality and Success» ӘЭК соңғы V Форумында энрегетикадағы гендерлік әлеует, ЖЭК әйелдер үшін тартымды сектор, жұмыс табиғатын түбегейлі түсіну және «жасыл жұмыс орындары», карьералық жоғарылаудағы стагнация, стигматизация сезімі немесе кәсіптік даму мәселелері назарынан ауытқитын сұрақтар, эмоционалды қақтығыс немесе эмоционалды өшу, құндылықтардың жаңа нысаны және ковидтен кейінгі баға, қызметкерлер тәжірибесін қайта қарау, цифрлық дағдылар және жұмыстың жаңа нысандары және басқа да тақырыптар талқыланды.