Ханымдар энергетикалық клубы

ХАНЫМДАР ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ КЛУБЫ

ХАНЫМДАР ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ КЛУБЫ

Гендерлік саясатты дамытуға қолдау көрсету мақсатында 2013 жылы KAZENERGY Әйелдер энергетикалық клубы (бұдан әрі – ӘЭК) құрылды. Осы уақыт ішінде алты ірі форум өткізілді (2013, 2015, 2017, 2019, 2021 және 2023 жж.), сондай-ақ ірі компаниялардың алаңдарында (Теңізшевройл, Ембімұнайгаз, Карачаганак Петролеум Оперейтинг Б.В., «ҚазАтомӨнеркәсіп» ҰАК» АҚ) көшпелі отырыстар ұйымдастырылды. Сонымен қатар Қазақстан энергетикасындағы алғашқы гендерлік зерттеу – «Қазақстан энергетикалық секторындағы әйелдердің рөлі» жүргізілді. 2024 жылы Ассоциация БҰҰ-Әйелдер құрылымы мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Жаһандық келісімі шеңберінде әзірленген «Әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту қағидаттарына» қосылды.
ӘЭК форумдарының спикерлері мен модераторлары қатарында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның Төрағасы мен мүшелері, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, «KAZENERGY» қауымдастығының мүшелері, ұлттық және халықаралық сарапшылар болды.
2023 жылғы 3 қазанда KAZENERGY Әйелдер энергетикалық клубының VI форумы – «EmpowerHER Energy Forum» өтті және ол Клубтың 10 жылдық мерейтойына арналды. Юбилейлік іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, ұлттық және халықаралық сарапшылар, энергетикалық компаниялардың басшылары мен мамандары қатысты. Форум аясында әйелдердің көшбасшылығы мен өкілдігі, тұрақты даму және ESG, экологиялық және әлеуметтік тәжірибелерді ілгерілету, көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу, декарбонизация және энергетикалық жүйенің трансформациясы, сондай-ақ кәсіби ортада және басқарушы лауазымдарда әйелдердің позициясын нығайту мәселелері талқыланды. Форум барысында мұнай-газ кешенінің әйел қызметкерлері мен компаниялардың әйелдер қауымдастықтарын марапаттау рәсімі өтті.