ҚАЙСАР ЖАНДАР: ЕРЛЕР МАМАНДЫҒЫН ТАҢДАҒАН АРУЛАР

ҚАЙСАР ЖАНДАР: ЕРЛЕР МАМАНДЫҒЫН ТАҢДАҒАН АРУЛАР

Бүгінде нәзік жанды аруларымызды бір кездері «ерлерге ғана лайық» саналған мамандықтардан жиі ұшыратамыз. Бүкіл әлем бойынша қалыптасқан бұл үрдіс қайсар әйелдердің қоғамда ер азаматтармен иық теңестіріп қана қоймай, кейде олардан оза шауып жүргенін көрсетті.

«Интергаз Орталық Азия» компаниясында («QazaqGaz» ҰК» АҚ құрамына кіреді) қызметкерлердің 11 пайызын әйелдер құрайды. Олар компанияның түрлі салаларында – техникалық, инженерлік және басқарушылық лауазымдарында белсенді еңбек етуде. Бұл ретте компания ерлер мен әйелдерге тең еңбекақы мен тең мүмкіндіктер беру кепілдігін ұстанады.

Фильмдегі кейіпкеріміздің еңбек жолы – гендерлік көзқарастарға қарамастан, ерлік пен шеберліктің айқын көрінісі болып табылады.