Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.

Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.

Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В. (КПО) – Қазақстандағы ең ірі мұнай-газ компанияларының бірі, мұнда адами капиталды дамытуға және барлық қызметкерлер үшін тең мүмкіндіктер жасауға ерекше назар аударылады.

Бүгінде компанияда 1 000-нан астам әйел еңбек етеді. Олар инженерлік-техникалық қолдау мен жобаларды басқарудан бастап адами капиталды дамытуға дейінгі барлық қызмет бағыттарына елеулі үлес қосуда. Жоғары білімі, мол тәжірибесі және кәсіби шеберлігінің арқасында КПО-ның әйел қызметкерлері кадрлық әлеуетті нығайтуда және заманауи корпоративтік мәдениетті қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.