KAZENERGY қауымдастығының бас директоры Кенжебек Ниязұлы Ибрашев дүниежүзілік энергетикалық кеңес Ресей ұлттық комитетінің вице-төрағасы Олег Михайлович Бударгинмен кездесті

KAZENERGY қауымдастығының бас директоры Кенжебек Ниязұлы Ибрашев дүниежүзілік энергетикалық кеңес Ресей ұлттық комитетінің вице-төрағасы Олег Михайлович Бударгинмен кездесті

Встреча генерального директора KAZENERGY К. Ибрашева с вице-председателем НК ВЭС РФ О. Бударгиными

Кездесу барысында екі жақ тарап ү. ж. 4-8 қазан аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін KAZENERGY XIV Еуразиялық форумының 2021 жылғы Дүниежүзілік энергетикалық аптасын өткізу дайындығын, сондай-ақ 2022 жылы Санкт-Петербург қаласында Дүниежүзілік энергетикалық конгресті өткізуге дайындық шеңберінде Ұлттық комитеттердің өзара іс-қимыл бағыттарын талқылады.

ДЭК Ресей ұлттық комитетінің өкілі Қазақстан тарапының дайындық жұмысын жоғары атап өтіп, 2021 Дүниежүзілік энергетикалық аптасы мен KAZENERGY XIV Еуразиялық форумының алдағы іс-шараларына жан-жақты қолдау көрсетілетінін мәлімдеді.

Атап айтқанда, тараптар Энергетикалық апта алаңында Петербург халықаралық газ форумымен (5-8 қазан) газ саласын дамыту жөніндегі телекөпірді бірлесіп өткізу мәселесін қарады.

Ресейлік әріптесі сондай-ақ форум алаңында таныстырылатын “2021 жылғы Ұлттық энергетикалық баяндаманы” атап өтті. Энергетика саласының талдамалық шолуы қазақстандық мамандардың да, шетелдік сарапшылардың да сұранысына ие болып отыр.

Тараптар сондай-ақ Қазақстан тарабының 2022 жылы Санкт-Петербургте өтетін 25-ші Дүниежүзілік энергетикалық конгреске қатысуын талқылады.