Сұңғат Есімханов

Сұңғат Есімханов

SUNGAT YESSIMKHANOV

ДЭК Ұлттық комитетінің төрағасы, «Самұрық-Энерго» АҚ Төрағасы

ДЭК Қазақстандық Ұлттық комитетінің атынан World Energy Week қатысушыларын құттықтаймын!

Шамамен 200 елдің көшбасшылары қол қойған Париж келісімі әлемдік климат саясатындағы бетбұрыс болды. Қазақстан Республикасының қол қойылған уағдаластықтарды толық көлемде орындаудағы стратегиялық ниеті реформалардың қабылданған бағытына сәйкес келеді.

Қазақстан инновацияларды қолдау бойынша Мемлекеттік инклюзивті институттарды құру жөніндегі жұмысты жандандырды. Бүгінде ресурстық-минералдық базаны даму көзі ретінде пайдалануға бағдарланған мемлекеттік институттардың экстракт модельдерінен, яғни экономиканың даму элементі ретінде инновациялық дамуға сүйенген инклюзивтік модельдерге көшу ұғымы қалыптасып отыр.

«Самұрық-Энерго» АҚ Қазақстан Республикасындағы электр энергиясының ірі жеткізушісі бола отырып, елдің төмен көміртекті дамуға көшу жөніндегі өршіл жоспарларында негізгі рөл атқарады. Энергия көшуінің басты сын-қатері елдің көмір электр станциялары айқындайтын жасыл энергия көздерінің желілік паритетке қол жеткізуі болып табылады. Стратегиялық мақсат – төмен көміртекті экономика құру. «Самұрық-Энерго» АҚ-да инновациялық саясат жүргізіп отыр. Ол технологиялар трансфертін және үздік халықаралық практикалар мен ғылыми-қолданбалы тәжірибені пайдалануға негізделетін Қазақстанда ғылыми-салалық база құруға қатысуды көздейді.

Қазақстан Республикасының халықаралық стандарттарды іске асыруға әзірлігі дәстүрлі түрде Ұлттық экологиялық құқықтың көздері ретінде қаралатын табиғат пайдалану және қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық шарттарды, келісімдер мен конвенцияларды ратификациялауда да көрініс табады.

Жеткізу қауіпсіздігі, ресурстардың қол жетімділігі, өтелімділік, әлеуметтік жауапкершілік және табиғатты қорғау шаралары жалпы қоғам тарапынан кешенді шешімді талап ететін энергетикалық трилемманың негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Электр энергиясын өндірудің негізгі проблемалары еркін нарықтарда жақсы шешіледі. Еліміздің ірі компанияларындағы бизнестің жалғасып жатқан трансформациясы біздің осы жаңа шындықтарға дайын болуымызды қамтамасыз етеді.

Қазақстан Төмен көміртекті экономикаға көшу стратегиясын әзірлеген Орталық Азиядағы бірінші мемлекет болып табылады. Біз халықаралық іскерлік ортаны жақсарту бойынша қандай да бір міндеттемелерді талап етпей немесе ресурстар экономикасынан білім экономикасына көшу бойынша қолдауды талап етпей, сенімді дамытуда маңызды қадамдар жасадық. Біз әлемдік саясат саласындағы шешімдердің себеп-салдарлығын түсінеміз. Тәуелсіздігін таяуда ғана алған ел ретінде біздің жоспарларымыз шексіз.

Біз кәсіби қоғамдастықпен, өңірлік энергетикалық құрылымдармен тығыз ынтымақтастықта барлық қойылған міндеттерді табысты шешіп, жаңа биік белестерге шығамыз деп үміттенеміз.

World Energy Week саланың жетекші мамандары мен сарапшыларының көмегімен қойылған міндеттерді шешуге лайықты үлес қосатынына сенімдімін. Бұған XIV Еуразиялық KAZENERGY форумының бағдарламасымен бірлесіп дәстүрлі түрде өткізілетін ауқымды көрме экспозициясы да ықпал ететін болады.

World Energy Week және KAZENERGY XIV Еуразиялық форумының қатысушылары мен қонақтарына табысты жұмыс, жаңа идеялар мен кәсіби жетістіктер тілеймін!

Құрметпен

Сұңғат Есімханов
ДЭК Ұлттық комитетінің төрағасы, «Самұрық-Энерго» АҚ Төрағасы.