Баяндамашыларға

Құрметті KAZAKHSTAN ENERGY WEEK-2019 және KAZENERGY XII Еуразиялық Форумына қатысушы!

Осы талаптар каталогта және форумның интернет-ресурсына орналастыру үшін өмірбаянды ұсыну тәртібін регламенттейді. Оның мақсаты – баспас сапасын жақсарту және визуальды қабылдау үшін спикерлер туралы ақпараттың бірыңғай форматын жасау.

Талаптармен мұқият танысуды сұраймыз:

  1. Өмірбаяндардың жалпы көлемі 200 сөзден аспауы тиіс.
  2. Спикер суреті түрлі-түсті болуы қажет, бет әлпеті толық көрсетіліп, мөлшері кем дегенде 1000×1000 пиксель болуы керек.
  3. Өмірбаянда мазмұны бойынша мыналар көрсетілуі тиіс:
  • жеке деректер;
  • ұйымның немесе кәсіпорынның атауы, лауазымы;
  • кәсіби жолының және лауазымының барынша маңызды кезеңдері;
  • қоғамдық-саяси қызметі және сіңірген еңбегі, наградалары мен т.б.;
  • білімі, мамандығы, ғылыми дәрежесі мен атақтары;
  • халықаралық қызметі, жобаларға қатысуы мен таныстырылымдары;
  • басқа да ойға қонымды ақпарат.
  1. Егер өмірбаян үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілінде ұсынылса, риза боламыз.
  2. өмірбаяндарыңыз бен суреттеріңізді forum@kazenergy.com электронды поштасына; Жастар форумы іс-шаралары бойынша z.beisenova@kazenergy.com электронды поштасына;Әйелдер энергетикалық клубының іс-шаралары бойыншаk.laura@kazenergy.com электронды поштасына жіберуіңізді сұраймыз.

Құрметпен,

KAZENERGY қауымдастығының ұйымдастыру комитеті