EXia презентациясы: «Мұнай-газ саласының цифрлық моделі»

EXia презентациясы: «Мұнай-газ саласының цифрлық моделі»

Дөңгелек үстел Қазақстанның мұнай-газ саласының цифрлық трансформация мәселелеріне және EXia аналитикалық платформасының инновациялық құрал ретінде жаһандық шешімдер қабылдаудағы рөліне арналмақ.

Платформа өндірістің барлық кезеңдеріндегі деректерді біріктіреді. Ол шикізатты өндіруден (Upstream) бастап дайын өнімді жеткізуге дейінгі (Downstream) барлық процестерді, соның ішінде экология мен энергетиканы қамтиды. Платформа негізгі көрсеткіштерді модельдеуге, болжауға және салыстырмалы талдау жасауға мүмкіндік береді. EXia платформасы инвестициялар, салықтар, өндіріс және бюджет түсімдерін талдауға, сондай-ақ климат пен энергетика саласын экономикалық дамумен үйлестіруге мүмкіндік береді..

Халықаралық ынтымақтастыққа және тұрақты шешімдерді қаржыландыру механизмдеріне назар аударылады.

Іс-шараға мемлекеттік органдар, бизнес, инвесторлар, халықаралық ұйымдар мен ғылыми қауымдастық өкілдері қатысады. Бұл тәжірибе алмасудың кең және практикалық бағытталған алаңын қамтамасыз етеді.