Дөңгелек үстел: “Мұнай-газ химиясының перспективалары: орта державалардың рөлі»
Жаһандық энергетикалық нарықтар жылдам өзгеріп жатқан заманда мұнай-газ химиясы өнеркәсіптің ең маңызды бағыттарының біріне айналды. Бұл сала экспортты арттырады және ел экономикасын технологиялық жаңғыртуға серпін береді. Мұнай мен табиғи газ қорына ие орта державалар мұнай-химия мен газ-химия өндірісін дамыта отырып, жаһандық құн тізбектерінде тұрақты орын алуға ұмтылады.
Қазақстан үшін мұнай-газ химиясы стратегиялық басымдыққа ие. Ел Президентінің тапсырмасымен көмірсутектерді өңдеуге арналған ірі жобалар жүзеге асырылуда, соның ішінде заманауи мұнай-газ химиялық кластер құрылуда. Бұл бастамалар жоғары технологиялық өндірістерді дамытуға, инвестиция тартуға бағытталған.
Дөңгелек үстел барысында орта державалардың мұнай-газ химиясы саласындағы әлеуеті, саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары, халықаралық ынтымақтастық мүмкіндіктері, сондай-ақ мемлекеттік саясат пен реттеуші жүйе талқыланатын болады. Локализация, ESG стандарттарын енгізу, декарбонизация, цифрландыру және кадрлық әлеуетті нығайту мәселелеріне назар аударылады.