V KAZENERGY ӘЙЕЛДЕР ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ КЛУБЫНЫҢ ФОРУМЫ

Мұнай-газ және энергетика салаларындағы гендерлік саясатты дамытуды қолдау мақсатында 2013 жылы KAZENERGY Ханымдар энергетикалық клубы (бұдан әрі – ХЭК) құрылды. Осы уақыт ішінде төрт ірі форум (2013, 2015, 2017 және 2019 жылдары), ірі компаниялар алаңдарында көшпелі отырыстар (Теңізшевройл, Ембімұнайгаз, Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.), Қазақстан энергетикасындағы “Қазақстанның энергетика секторындағы әйелдердің рөлі” атты бірінші гендерлік зерттеу өткізілді.

ХЭК форумдарының спикерлері мен модераторлары ретінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы мен мүшелері, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, “KAZENERGY” қауымдастығының мүшелері, ұлттық және халықаралық сарапшылар қатысты.

Энергетикадағы гендерлік әлеует, ХЭК ханымдар үшін тартымды сектор ретінде; жұмыстың табиғатын қайта ойластыру және “Жасыл жұмыс орындары”; мансаптық ілгерілеудегі тоқырау; стигматизация сезімі немесе кәсіби дамудың “назардан тыс” мәселелері; эмоционалды қақтығыс немесе эмоционалды күйзеліс; құндылықтың жаңа формалары және постковидтық кезеңнің бағасы, қызметкерлердің тәжірибесін қайта қарастыру, сандық дағдылар және жаңа жұмыс түрлері; және басқа тақырыптар 2021 жылғы 7 қазанда өтетін “Women in Energy: Equality and Success” XIV Еуразиялық KAZENERGY форумы аясында ХЭК форумында талқыланады .