Николай Горбань

Николай Горбань

НИКОЛАЙ ГОРБАНЬ

Бас директор,  «Каспий Құбыр Консорциумы» АҚ

Армысыздар,  XIV KAZENERGY Еуразиялық Форумының қатысушылары!

Энергетика әрқашанда әлемдік экономиканың маңызды элементі болған, әрі өзінің өзектігін жоғалтпаған. Көптеген елдің өнеркәсібінің әлеуеті, халқының әл-ауқатының өсімі мен әлеуметтік инфрақұрылымының даму қарқыны осы саланың табысты түрде өркендеуіне тікелей байланысты.

Еуразиялық KAZENERGY форумы энергетика саласындағы жетекші басқосулардың бірі саналады.  Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығында мемлекеттің елордасы Нұр-Сұлтан қаласы әлемдік энергетиканың дамуына тікелей ықпал ететін жаһандық мәселелерді талқылау орталығына айналуы үлкен символикалық мәнге ие деп есептеймін.

Биылғы жыл Каспий Құбыр Концорциумы үшін де мерекелік жыл екенін атап өту керек. Қазақстан Республикасы – КҚК-ның маңызды құрылтайшыларының бірі. 25 жылдың ішінде – акционерлер келісімшартқа қол қойған сәттен бастап – халықаралық жобаға қатысушылардың бәрі  каспийлік мұнайды экспорттайтын ірі бағдарға айналған, заманға сай мұнай тасымалдаушы кәсіпорынды құру бағытында үлкен күрделі кезеңді бастан өткерді.

Бүкіл экономика секілді энергетика да үнемі даму үстінде болады. Біз ықпалын келешекте сан ұрпақ сезінетін тектоникалық қозғалыстың, ауқымды аймақтық және жалпы әлемдік ауқымдағы өзгерістердің куәгері болып отырмыз. Форум алаңы ой-пікір алмасып, сол мазмұнды пікірталастар саланы алға жылжытуға мұрындық болатын идеяларды табуға мүмкіндік береріне, ғылымды, өнеркәсіпті, қоғамды дамытуға қажетті тұрақты ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын айқындарына сенімдімін.

Біздің мұнай тасымалдаушы компаниямыз осы іс-шараға баса назар аударып, аймақтық энергетикалық диалогқа өз үлесін қосу мүмкіндігінің барына қуанышты. KAZENERGY Еуразиялық форумы энергетиканы дамытуда келісілген амал-әдісті қалыптастыруға жаңа серпін берсін!

Форумның қатысушыларына жұмыстың жемісті, пікірталастың нәтижелі болуын және шығармашылық табыс тілеймін!