Мағзұм Мырзағалиев

Мағзұм Мырзағалиев

МАҒЗҰМ МЫРЗАҒАЛИЕВ

Қазақстан Республикасының Энергетика министрі

Құрметті әріптестер!

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің атынан Еуразияның жүрегі – Нұр-Сұлтан қаласында Дүниежүзілік энергетикалық кеңес ұйымдастыратын World Energy Week жаһандық платформасының қатысушыларына қош келдіңіздер дегім келеді.

Еуразия өңірі үшін, әлем үшін стратегиялық маңызы бар осы іс-шараны өткізу мәртебесінің дәл биыл Қазақстанға ұсынылғанын біз мақтан тұтамыз. Бұл шара – дүниежүзілік энергетика саласы сыннан өтіп жатқан қазіргі уақытта   ерекше маңызды іс болғалы тұр.

Дұрыс шешім қабылдау әрі ұзақ мерзімді оңтайлы баланс табуда біріктіруші және қолайлы жағдай жасаушы алаң ретінде танылған KAZENERGY XIV Еуразиялық форумы өңірлік энергетикалық диалогты ұйымдастыру үшін маңызды алаң болмақ.

Бүгінгі таңда біз болашақ өркентиетімізбен, оның ішінде энергия ресурстарына қажетті қолжетімділікті, барлық континенттердегі тұтынушыларға мұнай мен газды тұрақты жеткізуді, одан әрі дамыту үшін энергия генерациялайтын қуаттардың сенімділігін, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау жағдайларын қамтамасыз етуге байланысты алдыңғы сын-қатерлерге қарағанда әлдеқайда күрделі ұзақ мерзімді сын-қатерлерге ұшырап отырмыз.

Пандемия экономиканың барлық салаларының дамуына және мұнай-газ саласына теріс әсер етті, оның салдарын барлық өндіруші елдер бастан өткеріп отыр. Күш-жігерімізді біріктіріп қана қарсы тұра алатын осы сын-қатерлердің алдында бүкіл әлемнің қаншалықты әлсіз екенін өткен жыл айқын дәлелдеді.

Баррель құнының біртіндеп қалпына келуіне қарамастан, мұнайға деген сұраныс динамикасы әлі де біркелкі емес. 2021 жылы әлемдік, оның ішінде қазақстандық мұнай-газ өнеркәсібі сыртқы нарықтарда өндіруге шектеулерді сақтау және бәсекелестікті күшейту жағдайында жұмыс істеуге мәжбүр болады.

Қазақстан өңірлерін газдандыру жөніндегі аса маңызды жобаларды іске асыру жалғасады, таяуда Париж климаттық келісіміне елдің қосылуы шеңберінде қазақстандық экономиканы декарбонизациялау тақырыбына полемика шиеленіседі, Еуроодақта трансшекаралық көміртегі салығын енгізуді жоспарлағанда төмен көміртекті даму саясаты жанданады.

World Energy Week және XIV KAZENERGY Еуразиялық форумының алаңында Қазақстан бүкіл әлем бойынша энергияны жақсарту және энергетикалық жүйелерді қайта құруды жеделдету туралы маңызды практикалық пікірталастар ұйымдастырады. Біз инфрақұрылымды құруға халықаралық қаржы институттарынан едәуір инвестициялар тартуда өз тәжірибемізбен бөлісуге, экологиялық және климаттық күн тәртібінің аса маңызды аспектілері бойынша мәселелерді талқылауға дайынбыз. Біз өзара іс-қимыл үшін ашықпыз және саланың барлық мәселелері бойынша жетекші энергетикалық және мұнай-газ корпорацияларынан әлемдік тәжірибені меңгеруге дайын екенімізді білдіреміз.

World Energy Week және XIV KAZENERGY Еуразиялық Форумы жаһандық және өңірлік экономиканың өзекті мәселелерін талқылау үшін бірегей салалық оқиғаның, аса ірі және прогрессивті іскерлік алаңның мәртебесін тағы да растайтынына сенімдімін. Қазақстан астанасында қол жеткізілген уағдаластықтар мен келісімдер халықаралық қатынастарды дамытуға қызмет етеді, сондай-ақ біздің елдеріміз бен халықтарымыздың игілігі үшін жаңа жобаларды іске асыруға ықпал етеді.

Құрметпен

Мағзұм Мырзағалиев
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі