Пленарлық отырыс
Пленарлық отырыс – Форумның негізгі іс-шарасы, оған жоғары лауазымды тұлғалар, негізгі спикерлер және кең аудитория қатысады. Формат пікір көшбасшыларының сөз сөйлеулерін, маңызды бастамалар мен декларацияларды таныстыруды көздейді. Басты мақсат – іс-шараның бағытын айқындау, стратегиялық басымдықтарды белгілеу және жұртшылықты кеңінен тарту.
Стратегиялық сессия
Стратегиялық сессия – бұл өзекті мәселелерді терең талдауға және практикалық шешімдер мен стратегиялық бағыттарды әзірлеуге бағытталған формат. Талқылаудың бағытын айқындайтын кіріспе баяндамалар мен аналитикалық презентацияларға жол беріледі. Қатысушылар ұсынымдар мен жол карталарын қалыптастыруға бағытталған сындарлы диалогқа тартылады.
Панельдік сессия
Панельдік сессия – мәлімделген тақырып бойынша спикерлер пікір және тәжірибе алмасатын ашық пікірталас алаңы. Артықшылығы – қатысушылар арасындағы модерацияланған еркін диалог пен ашық сұхбат форматында өткізілуінде, қысқаша кіріспе сөздерге рұқсат етіледі, дәстүрлі баяндамалар қарастырылмаған. Қажет болған жағдайда аудиториядан сұрақтар қойылуы мүмкін. Мақсаты – көзқарастардың әртүрлілігін көрсету және пікірталасты жандандыру.
Дөңгелек үстел
Дөңгелек үстел – қатысушылар арасында тең құқықты және бейресми пікір алмасуға арналған интерактивті формат. Барлық қатысушылар – тыңдаушы емес, белсенді пікірлесушілер, бұл ашық диалог пен бірлескен шешім іздеуге жағдай жасайды. Сессия «дөңгелек үстел» форматында, сахнасыз өткізіледі және негізгі идеяларды қорытындылаумен немесе ұсынымдар тұжырымдаумен сүйемелденеді.
Іскерлік таңғы ас
Іскерлік таңғы ас – негізгі іс-шара бағдарламасы басталғанға дейін бейресми жағдайда өтетін жабық форматтағы кездесу. Қатысушылар – бизнес өкілдері, мемлекеттік органдар мен сарапшылар – саланың негізгі мәселелерін немесе өзекті күн тәртібін еркін форматта талқылайды. Бұл формат байланыс орнатуға, бейресми пікір алмасуға мүмкіндік береді және қысқаша сөз сөйлеулер мен сұрақтарға жауаптарды қамтуы мүмкін.
KAZENERGY Podcast
KAZENERGY Podcast – энергетика саласындағы өзекті тақырыптарды сұхбаттар, сараптамалық әңгімелер мен тақырыптық шығарылымдар арқылы насихаттауға бағытталған медиаформат. Подкаст қонақтары – бизнес, ғылым, қоғам және мемлекеттік құрылымдардың өкілдері. Бұл формат тақырыпты қарапайым әрі түсінікті түрде терең ашуға және цифрлық платформалар арқылы аудиторияны кеңейтуге мүмкіндік береді.