2021 Дүниежүзілік энергия апталығы

WORLD ENERGY WEEK алғаш рет Орталық Азияда Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-сұлтан қаласында өткізілуде.

Іс – шараның негізгі мақсаты- энергияны адамзат игілігі үшін пайдаланып, тұрақты дамуға септесу. 2021 жылғы дүниежүзілік энергетика апталығын «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы өткізеді.

Апталық бағдарлама энергетикалық қоғамдастық үшін жаһандық ауқымды іс-шаралар мен үлкен мүмкіндіктерді ұсынады. Апта барысында сала министрлері, трансұлттық корпорациялар мен халықаралық ұйымдардың басшылары, энергетика саласындағы көшбасшылар мен сарапшылардың кең аудиториясы бас қосып, эксклюзивті мәжілістер өткізіледі.
Іс-шара энергетикалық жүйелерді құру үшін энергетика мәселелері бойынша ұлттық, өңірлік және жаһандық деңгейлерде пікірсайыстар мен ашық диалогтар алаңы болады.

Форумға тіркелу ресми сайтта қол жетімді, профиль тақырыбындағы сілтеме.