Көрме

KAZENERGY EXPO интерактивті көрмесі

 Мақсаты:

  • Энергетикадағы жаңа технологиялық жетістіктерді жаһандық қолдану нәтижелерін көрсету алаңы;
  • Келіссөздер жүргізу, инновацияларды трансферлеу, жоғары технологиялық өнім мен инвестициялық қызмет, сондай-ақ оларды энергетикалық нарыққа ілгерілету үшін платформа;
  • Қоғам өміріндегі энергия мен энергия ресурстарының рөлі мен маңыздылығы туралы келушілерге арналған танымдық функция.

Көрме дәстүрлі емес форматта өтеді. Заманауи технологиялар мен әзірлемелердің, дамыту және инновациялық инфрақұрылым институттарының көрмелік экспозициясы кластерлік ұстаным бойынша «нүктелік» форматта қалыптастырылады. Әлеуетті әріптестермен байланыс орнату және дамыту үшін коммуникациялық аймақтар ұйымдастырылатын болады.

Жаңа интерактивті формат ұсынылады (виртуалды шынайылық, толықтырылған шынайылық, жасанды интеллект, блокчейн), ол келушілерге барынша көп ақпарат алуға, ал қатысушы компанияларға өз өнімін барынша тиімдірек таныстыруға мүмкіндік береді.