Форумды өткізу алаңы

ФОРУМДЫ ӨТКІЗУ АЛАҢЫ

ФОРУМДЫ ӨТКІЗУ АЛАҢЫ

KEF/KEW Тәуелсіздік сарайы, Тәуелсіздік даңғылы, 52 мекенжайында өтеді.

Жалпы ауданы 40 мың шаршы метрден асатын Тәуелсіздік сарайында кең залдар мен галереялар бар. Ғимарат үш қабаттан тұрады. Бірінші қабатта конгресс-холл, баспасөз орталығы, салтанатты зал, овальды зал, екіжақты кездесулерге арналған бөлмелер, банкет залы орналасқан.

Тәуелсіздік сарайы 2008 жылы 15 желтоқсанда Астанада салтанатты түрде ашылды. Ол халықаралық форумдарды, конференцияларды, ресми іс-шараларды, сондай-ақ спорттық және мәдени іс-шараларды өткізуге кең мүмкіндіктер ұсынады.

Басты зал

Конгресс-холлдың бірегейлігі – залды төрт бірдей бөлікке бөлуге мүмкіндік беретін трансформацияланатын қабырғалары. Залдың жалпы ауданы 4775 ш.м. және 3082 орынға есептелген. Зал жарықтандыру және дыбыс оқшаулау саласындағы барлық соңғы технологияларға сәйкес келеді.