ҚАЗАҚСТАН МҰНАЙЫНЫҢ 120 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР
Қазақстан мұнайының 120 жылдығын атап өту шеңберінде Kazakhstan Energy Week 2019 алаңында бірқатар іскерлік және мәдени оқиғалар өтеді:
- Қазақстанның барлық өңірлерінде 14-18 жас аралығында жас суретшілер суреттерінің «Жастар – Энергия – Болашақ» атты көрмесі (24-27 қыркүйекте, Орталық фойе, ЭКСПО Конгресс-орталығы).
- Қазақстан мұнайының тарихына арналған фотокөрме (24-27 қыркүйекте, Орталық фойе, ЭКСПО Конгресс-орталығы).
- Қазақстан мұнайының 120 жылдығына арналған салтанатты концерт (26 қыркүйекте, «Астана Опера» опера және балет театры, Нұр-Сұлтан қаласы).
- Kazakhstan Energy Week шеңберінде Қазақстан мұнайының 120 жылдығына арналған пленарлық отырыс (27 қыркүйекте, Басты зал, ЭКСПО Конгресс-орталығы).