KAZENERGY ХІІ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ФОРУМЫ

KAZENERGY XII ЕУРАЗИЯЛЫҚ ФОРУМЫ –KEW 2019 НЕГІЗГІ ОҚИҒАСЫ

KAZENERGY XII Еуразиялық Форумы KEW-2019 негізгі оқиғасына айналады.

KAZENERGY қауымдастығы 2006 жылдан бастап өткізіп келе жатқан осы іс-шара Каспий және Орталық Азия өңірлеріндегі энергетикалық сектордың басты халықаралық оқиғасын білдіреді. KAZENERGY форумы дүниежүзілік елдер үкіметтерінің, халықаралық энергетикалық ұйымдардың, дипломатиялық өкілдіктердің, қазақстандық және шетел энергетикалық сектор компанияларының, зерттеу институттары мен консалтингтік агенттіктердің қызығушылығын туғыздырады. Жыл сайын оған дүниежүзінің 50-ден астам елдегі 300-ден астам компанияның 2,5 мыңнан астам делегаты қатысады. Көптеген жылдар бойы беделді саяси фигуралар, дүниежүзілік аттаққа ие сарапшылар Форум қонақтары болды, бұл іс-шараның жоғары беделін көрсетеді.

Форумның іскерлік бағдарламасы:

  • Пленарлық (немесе «стратегиялық») сессиялар (негізгі спикерлер ретінде беделді басшылар мен дүниежүзі үкіметтерінің, бейінді министрліктердің, энергетика және тұрақты даму саласындағы халықаралық ұйымдардың, дүниежүзінің ең ірі мұнай-газ компанияларының өкілдерін дүниежүзілік энергетиканың жаһандық проблемаларын талқылау үшін шақыру);
  • Қазақстанның энергетика саласындағы өзекті тақырыптарды талқылау үшін панельді бағдарламалық сессиялар;
  • ОПЕК және ОПЕК+ елдері үкіметтерінің, бейінді министрліктерінің өкілдерінің қатысуымен дүниежүзілік және өңірлік мұнай нарықтарына ықпал ететін негізгі факторларды талдауға, сондай-ақ дүниежүзі мен Қазақстанда дамытудың ықтимал сценарийлерін талқылауға бағыталған интерактивті дискуссия.

Іс-шара нәтижелері бойынша қорытынды Резолюцияға кіретін әріптестік бастамалар жасалатын болады.