KAZAKHSTAN ENERGY WEEK 2019

KAZAKHSTAN ENERGY WEEK 2019 ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

Өткізу орны: Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы.

Өткізу күні: 2019 жылғы 23 – 29 қыркүйек.

Ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен KAZENERGY қауымдастығы.


Бүгінгі күні энергетика геосаяси өзгерістермен, экспортты бағыттармен қайта бағдарланумен, энергиямен қамтамасыз ету, энергия ресурстарын өндіру және қайта өңдеу саласындағы жаңа технологияларды дамытумен,  энергия теңгеріміне энергияның баламалы көздерін одан сайын тартумен сипатталатын дамудың жаңа кезеңінде тұр. Қазақстанның отын-энергетикалық кешенін дамытудың өзекті мәселелері халықаралық салалық іс-шаралар барысында тұрақты түрде талқыланады, олар әртүрлі уақытта және еліміздің әртүрлі қалалары мен өңірлерінде өткізіледі. Бұл ретте осы дискуссияларды ұйымдастырудың автономдылығына және шашыраңқылығына байланысты нарық қатысушылары еліміздің ОЭК жай-күйі және сала болашағы туралы тұтастай ақпарат ала алмайды және барлық қызықтырушы сұрақтарға онлайн режимінде жауап алып, «мемлекет-бизнес» форматында конструктивтік диалог алуға мүмкіндіктері жоқ.

KAZENERGY қауымдастығы 2019 жылы Қазақстанның энергетика саласындағы жаңа жобаны – KAZAKHSTAN ENERGY WEEK 2019 (KEW-2019) іске асыруды ұсынады.

Жобаның басты міндеті – тиімді жұмыс, тәжірибе алмасу, мүдделі тараптар арасында іскерлік қарым-қатынас жасау үшін барынша қолайлы жағдайлар жасап, бірыңғай алаңда Қазақстанның энергетика саласындағы шашыраңқы іс-шараларды сауатты түрде шоғырландыру.

Жоба мақсаты 2018 жылғы 15 ақпандағы №636 ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген және жеделдетілген сапалы экономикалық өсу мен елдегі өмір сүру деңгейін арттыру бойынша үшінші жаңғырту процестерін іске қосқан Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында көрсетілген еліміздің энергетикасын одан әрі тиімді және тұрақты дамыту бойынша маңызды бастамаларды іске асыру болып табылады.  2025 жылға дейінгі стратегиялық  жоспар жаһандық қаржы дағдарысының салдарын тегістеді және негізі отын-энергетика кешені болып табылатын экономиканың әртараптандырылған тұрақты өсіміне көшуді жылдамдатты. Еліміздің жаңа экономикалық курсы бизнестің бәсекеге қабілеттігін және адами капиталды арттыруға, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде технологиялық жаңғыртуға, адамның табиғатқа жағымыз әсер етуді мейлінше төмендетуге және Қазақстанды жан-жақты қолдайтын БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарында базаланатын басқа басымдықтарына негізделеді.

Осы мақсаттарға қол жеткізу еліміздің экономикасын болашақ экономикасын құруды қамтамасыз ететін дамудың жаңа траекториясына шығаруға, сондай-ақ дүниежүзінің дамыған 30 мемлекет тің қатарына кіруге мүмкіндік береді.

KAZAKHSTAN ENERGY WEEK 2019 жобасы осы мақсаттарға қол жеткізу жолдарын талқылау үшін жаһандық алаңға айналады, тұрақты энергетикалық болашақты қалыптастырумен байланысты дискуссияларды өзектендіреді, мамандарға өзекті мәселелер бойынша өз көзқарасын айтуға, саланы дамыту туралы дискуссияларға қатысуға, сондай-ақ жетекші дүниежүзілік сарапшылар ұстанымын білуге мүмкіндік береді.

Жоба барысында іс-шаралар бір алаңда, бір уақытта жүргізіледі және оған негізгі оқиғалар мен бірнеше тақырыптық кластерлер кіретін болады. Бұл талқылаудың шекарасын айтарлықтай кеңейтуге және Қазақстан мен шетелден сала мамандары мен сарапшыларды дискуссияларға тартуға мүмкіндік береді.

2019 жылы Форумға:

  • ҚР Энергетика министрлігі;
  • ҚР Инвестициялар және даму министрлігі;
  • ҚР Сыртқы істер министрлігі;
  • ҚР Қаржы министрлігі;
  • ҚР Ұлттық экономика министрлігі;
  • ҚР қалалар мен облыстар әкімдіктері тұлғасында Қазақстан Республикасы Үкіметі тарапынан қолдау көрсетілуін күтеміз.
  • Іс-шара әріптестері IEA, Energy Charter, «Росконгресс» қоры, БҰҰ ЕЭК, IRENA, ВЭС, ДМК және т.б. сияқты ең ірі халықаралық ұйымдар болады.

Бүгінгі күні халықаралық ұйымдар басшылары мен сарапшылары қатарынан халықаралық сараптама тобы құрылды, ол тақырыпты талқылауға тартылатын болады. KAZENERGY қауымдастығы мүшелерінің өкілдері, сондай-ақ қазақстандық сала сарапшылары қатарынан Бағдарлама комитеті құрылды.