XIV ЕУРАЗИЯЛЫҚ KAZENERGY ФОРУМЫ

14 жылдық тарихында KAZENERGY Еуразиялық форумы аймақтағы энергетикалық сектордың басты халықаралық оқиғасына айналды. Форум энергетикалық нарықтарға қатысушылар арасында тиімді диалогты қамтамасыз етуге, энергетикалық жүйені дамытудың өзекті үрдістері мен бағыттарын қарауға арналған.

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында XIV Еуразиялық Kazenergy форумы алаңында бірқатар презентациялар мен оқиғалар өтеді:

  • “Қазақстанның мұнайы мен газы – Тәуелсіздіктің 30 жылы: Жасампаздық жолы” кітабының презентациясы
  • Деректі фильмнің презентациясы (бес фильмнен тұратын серия)
  • ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған арнайы конференция

 Сондай-ақ, Қазақстанның отын-энергетика секторының ағымдағы жай-күйі мен даму перспективаларын неғұрлым жан-жақты талдау – V ұлттық энергетикалық баяндама ұсынылады.