XII KAZENERGY ЖАСТАР ФОРУМЫ

logo-youth-forum

Жастар бүгінде әртүрлі өзгерістерге тез бейімделеді, елде және әлемде болып жатқан оқиғаларға белсенді жауап береді, сондай-ақ қоғамды толғандыратын мәселелерді шешудің жолдарын ұсынады.

2008 жылы KAZENERGY Білім беру бағдарламасы аясында өткізілген стипендиаттардың алғашқы слеті KAZENERGY Жастар форумына жол ашып берді:

  • 2009 ж. KAZENERGY “Жас мамандарды даярлау және жастар комитеттерінің қызметі мәселелері” KAZENERGY Халықаралық жастар конференциясы;
  • 2010 ж. KAZENERGY халықаралық жастар форумы – “Қазақстанның мұнай-газ кешені үшін жас мамандарды даярлаудың өзекті мәселелері мен келешегі”;
  • 2011-2012 ж. ж. “Жастар энергиясы – Қазақстанның инновациялық серпіні” және “Жастар энергетикалық болашақта – өзгеру факторы және динамизм көзі” деген ұранмен өткен Жастар форумдары;
  • 2013 жыл KAZENERGY Алтыншы халықаралық “ENERGIZE YOUR FUTURE” жастар форумы өтті;
  • 2014 ж. “Қазақстан – Ресей” – көшбасшылық және инновациялар ” Жастар форумы;
  • 2015 ж. Жастар форумы, “Жастар. Ғылым. Инновациялар”;
  • 2017 ж. “Learning for life” жастар форумы;
  • 2018 ж. “Ұрпақтар энергиясы(білім, жұмыспен қамту, сенім және әртүрлілік)” жастар конференциясы;
  • 2019 ж. “Жастар және уақыт талабы” жастар форумы.

11 жыл бойы Жастар форумдарын өткізуге мемлекеттік органдардың өкілдері, Қазақстанның ірі энергетикалық компанияларының, халықаралық ұйымдардың, жастар қозғалысы мен бастамаларының басшылары белсенді қатысты.

Жастар форумдары ең жас мамандармен тікелей жұмыс істеуге бағытталған. Іс жүзінде барлық іс-шаралар тек өзіндік мәні бойынша ғана емес, сонымен қатар өз қатысушыларының жан-жақты дамуына ықпал етуді мақсат етті.

2017 жылдан бастап KAZENERGY қауымдастығы Шелл Қазақстан компаниясының қаржылық қолдауымен және серіктесе отырып,  Қазақстанның студент жастары арасында “Student Energy Challenge” командалық конкурсын өткізеді. Төрт жыл ішінде байқауға ҚР 17 өңірінен 225 команда қатысты. Студенттерден тұратын командалар әртүрлі салалардағы жергілікті және жаһандық энергетикалық проблемаларды шешуді ұсынатын өміршең идеяны пысықтайды.

Биыл бесінші конкурс, оның ішінде “Student Energy Challenge-Junior” колледж студенттерінің қатысуымен алғаш рет өткізіледі.

ЖОО арасындағы жеңімпаз командалар кәсіби кеңес беруді, кәсіби диагностиканы және танымал кәсіпқойлардың менторлығын қамтитын өз мамандығы бойынша Қазақстанның салалық кәсіпорындарында ақылы тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болады.

Колледждер арасындағы жеңімпаз командалар 2021-2022 оқу жылы ішінде ай сайынғы стипендияға ие болады.

2019 жылдан бастап Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б. В. компаниясының демеушілік қолдауымен “StudentDigitalFest” конкурсы өткізіледі. Байқаудың мақсаты – цифрландыру саласындағы технологиялық шешімдерді әзірлеу бойынша қазақстандық жастардың бастамалары мен инновациялық жобаларын қолдау.

Жастардың байқауға қатысуы белсенді, бәсекеге қабілетті, серпінді идеяларды жасай алатын және өзекті тақырыптарға оңтайлы шешімдер таба алатын адамдарды тәрбиелеуге ықпал етеді.

Байқаудың 2021 жылғы екінші маусымында Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б. В. компаниясының сарапшылары онлайн-консультациялар береді. Командалар конкурстық техникалық тапсырмалардың шешімдерімен жұмыс істейді. Байқаудың финалында 15 000 АҚШ доллары көлеміндегі жүлде қорының жеңімпаздары мен иегерлері анықталады.

 Екі байқаудың финалы 2021 жылдың қазан айында KAZENERGY Еуразиялық форумы аясында өтеді.a

XI жастар форумы
«Жастар және уақыт сынақтары» брошюрасын жүктеңіз, 2019 ж