Ұлттық энергетикалық баяндама 2021

2020 жыл бүкіл әлем үшін де, Қазақстан Республикасы үшін де барлық жағынан бетбұрыс болды. Жаңа коронавирустың (COVID-19) таралуы әлеуметтік, мәдени және экономикалық салалардағы бұрын-соңды болмаған ауқымды өзгерістер аясында әлемдік экономиканың 4%-ға төмендеуіне әкелді. Тұтынушылардың сұранысының күрт төмендеуі мұнай өнімдеріне сұраныстың және соның салдарынан мұнай бағасының төмендеуіне әкелді. Бұл мұнай экспорттаушы елдер ұйымының және бірқатар басқа елдердің (ОПЕК альянсы+) әлемдік мұнай нарықтарын тұрақтандыру және бағаның күрт төмендеуіне жол бермеу үшін өндіріс көлемін күрт төмендетуіне әкеп соқты. Сонымен қатар, түрлі елдердің билігі «энергетикалық ауысу» ауқымын кеңейтуге (көмірсутектерді пайдаланудан бас тарта отырып), сондай-ақ экономика мен энергия жүйелерінің экологиялылығын арттыруға бағытталған саясатты іске асыруды жандандырды. Энергетикалық компаниялар бұған өз қызметін экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік басқару (ESG) міндеттеріне сәйкес келтіруге арналған бірқатар стратегиялық, тактикалық және технологиялық бастамаларды жүзеге асыру арқылы жауап берді. COVID-19, «жасыл» саясат пен іргелі аспектілердің ығысуынан туындаған өзгерістер нәтижесінде 2020 жылы энергия ресурстарына әлемдік сұраныс тиісінше 6%–ға, ал мұнай мен табиғи газға сұраныс 10%-ға және 4%-ға төмендеді, ал жел мен күн генерациясының жиынтық көлемі 9%-ға өсті.

Энергетиканың іргелі аспектілерінде де, оған қоғамдық қатынаста да жоғарыда көрсетілген түбегейлі өзгерістерді назарға ала отырып, 2021 жылғы Ұлттық энергетикалық баяндамада (НЭД-2021) мынадай түйінді мәселелерді қарау көзделеді:

  • COVID-19-дан кейін әлемдік энергетиканың болашақ даму жолы, оның ішінде энергетика саласының әртүрлі сегменттеріне инвестициялау мүмкіндігі қандай?
  • “Энергетикалық ауысуды” жүзеге асыру үшін әлемде қандай саяси шаралар қабылдануда, олар қалай жүзеге асырылуда және олар тұтынушыларға, өндірушілерге және инвесторларға қалай әсер етеді?
  • Қазақстан үшін «энергетикалық ауысудың» (ол болжап отырған декарбонизацияны қоса алғанда) негізгі мүмкіндіктері мен қиындықтары қандай?
  • Неғұрлым нақты жоспарда Қазақстан үшін қандай көшу стратегиялары шынайы және перспективалы болып табылады және оларды іске асыру елдің климат және экономика саласындағы негізгі мақсаттарына қол жеткізуіне қалай ықпал етеді?
  • Қазақстанның Париж келісімінің мақсаттарына қол жеткізу мүмкіндіктері?
  • Баяндамада сондай-ақ мұнай, газ, көмір, электр энергиясы және уран өндірісін қоса алғанда, Қазақстан энергетикасы үшін негізгі үрдістер мен болжамдардың (2050 жылға дейінгі кезеңге) қысқаша жиынтықтарын білдіретін (2020 жылға дейінгі кезеңге) жаңартылған статистикалық көрсеткіштер мен деректер блоктары келтіріледі.

Сіздердің назарларыңызға бұрын шығарылған Ұлттық энергетикалық баяндамаларды ұсынамыз.

Национальный Энергетический Доклад KAZENERGY 2019

KAZENERGY 2019 Ұлттық энергетикалық баяндамасы

ҰЭБ-2019-да KAZENERGY Қауымдастығының Қазақстанның мұнай-газ және энергетика саласының тұрақты дамуына бірыңғай жүйе ретіндегі стратегиялық көзқарасы ұсынылған.

Баяндаманы жүктеп алу

Национальный Энергетический Доклад KAZENERGY 2017

KAZENERGY 2017 Ұлттық энергетикалық баяндамасы ҰЭБ2015-те қозғалған мәселелерді (Қазақстанның ОЭК барлық салаларын қамтыған) жария етуді жалғастырады, бірақ бұл ретте осы баяндама құрылымында көрсетілген төрт негізгі бағытқа ерекше назар аударылады.

Біріншіден, мұнай, мұнай өнімдері, газ, көмір, уран, электр энергетикасы және парниктік газдар шығарындыларына арналған тарауларда негізгі статистикалық көрсеткіштер және 2015 ҰЭБ жарияланған сәттен бастап олардың өзгерістері туралы қысқаша жаңартылған ақпарат бар. Мүмкіндігінше 2015 және 2016 жылдардағы деректерді талдау 2017 жылдың ортасына дейінгі кезеңдегі үрдістер мен оқиғаларды жариялаумен қатар жүреді.

Екіншіден, ҰЭБ 2017 ел экономикасындағы ағымдағы жағдай аясында Энергетика министрлігінің ресми мемлекеттік құжаттарында (мысалы, тұжырымдамаларында, стратегияларында) және жоспарларында қамтылған ОЭК әрбір саласы үшін жаңартылған болжам, энергетика саласындағы соңғы нысаналы көрсеткіштер мен болжамдарды бағалау келтіріледі. Көптеген жағдайларда бағалау IHS Markit-тің өзіндік болжамдары мен сценарийлерімен салыстыруды қамтиды. IHS Markit болжамдары мемлекеттік агенттіктер мен нарыққа қатысушылардың деректерінен алшақтаған жағдайларда, мысалы, шикі мұнай өндіру мәселесінде, 2017 ҰЭБ күтілетін нәтижелердегі сәйкессіздіктердің қысқаша түсіндірмесі келтіріледі.

Көптеген тараулардағы негізгі бөлімдердің бірі — инфрақұрылым және технологиялар-ҰЭБ 2017 үшінші негізгі бағыты болып табылады. Мұнда тиісті салалардағы жаһандық ауқымдағы перспективалы жаңа технологияларға шолу және олардың энергетикалық нарықтарға ықтимал әсері келтіріледі. Біз сондай-ақ елдің ОЭК даму міндеттері мен нысаналы көрсеткіштерін ескере отырып, олардың Қазақстанда енгізу үшін жарамдылығын бағалауды жүзеге асырамыз.

Жекелеген салаларға арналған әрбір тараудың төртінші және соңғы бағыты Қазақстан Республикасында энергия ресурстарын өндіру мен тұтынудың нормативтік-құқықтық негіздерін қамтитын реттеу болып табылады. ҰЭБ 2017 Осы бөлімдерінде қолданыстағы заңнама қарастырылады, өзекті проблемалар мен негізгі тақырыптар анықталды, сондай-ақ заңнама мен реттеу қағидаттарына өзгерістер ұсынылды, олар нарықтардың жұмыс механизмдерін әлеуетті жақсартуы, ОЭК энергетикалық қауіпсіздігі мен инвестициялық тартымдылығын арттыруы мүмкін.

Баяндаманы жүктеп алу

Национальный Энергетический Доклад KAZENERGY 2015

KAZENERGY 2015 Ұлттық Энергетикалық Баяндамасы қазақстан экономикасының базалық секторларының ағымдағы жағдайы мен даму преспективасы туралы жиынтық ақпарат береді.
Баяндаманың негізгі міндеті – көмір, мұнай-газ, уран салаларының, сонымен қатар электр және жылу энергиясын өндіру, табыстау, бөлу, маркетингі және тұтыну салаларының ағымдағы жай-күйіне шолу жасау. Баяндамада сонымен бірге Қазақстанның жаңармалы энергия көздерін пайдалану бойынша әлеуетіне, «жасыл бастаманың» іске асырылуына, экономиканың энергия және ресурс сыйымдылығын азайтуға, оның ішінде Астана қаласында EXPO-2017халықаралық көрмесін өткізу тұрғысында баға беріледі.

Оған қоса материалда Қазақстанның экономикасы мен энергетикасына ерекше әсер еткен геосаяси және экономикалық ауысулар туралы зерттеулер берілген. IHS талдаушылары шикі мұнайдың жиынтық өндіру ауқымын ұлғайтуға байланысты, сонымен қатар халықаралық мұнай нарығындағы баға белгілеу туралы Қазақстан болашағының орта мерзімді картинасын жасады.

Қазіргі уақыттың қалыптасқан жаңа сын-қатерлерін, сонымен қатар Қазақстан Республикасының өңірдегі тұрақты саяси және экономикалық дамуға бағытталған стратегиясын ескере отырып, сіздердің назарларыңызға KAZENERGY 2015 Ұлттық Энергетикалық Баяндамасының электронды нұсқасын ұсынамыз.

Баяндаманы жүктеп алу