STUDENT ENERGY CHALLENGE

Қазақстанның студенттеріне арналған «Болашақ Энергиясы» саласындағы инновациялық идеялар байқауы

«Шелл» компаниясы мен «KAZENERGY» Қауымдастығы бірігіп «Student Energy Challenge» жобасын іске асыратынын жариялайды. Бағдарламаның мақсаты — Қазақстандағы техникалық университеттерінің студенттерін ұлғайып жатқан энергия мәселелерінің шешімін табуға көмектесетін бірегей және жаңашыл идеялар ұсынуға ынталандыру.

«Students Energy Challenge» байқауының мақсаты техникалық университеттердің студенттерін алты тақырып бойынша энергия мәселелерінің шешімдерін табуға көмектесуі мүмкін ерекше әрі инновациялық идеялар ұсынуға ынталандыру болып табылады:

  1. Отын-энергетикалық ресурстарды бақылау;
  2. Дәстүрлі емес көздерден өндірілетін балама энергияны дамыту;
  3. Тұрмыстық және коммерциялық қолданыста энергияның тиімділігін және сақталуын арттыру;
  4. Электр және жылу энергиясын тиімдірек пайдалану;
  5. Негізгі энергия көздерін – мұнай, газ, көмір мен уранды – көмірқышқыл газ мөлшерін азайтып өндіру;
  6. Тасымалдау, қуат өндіру, құрылыс, тұрмыста және сауда-саттықта энергияны пайдалану кезінде көмірқышқыл газының шығарылуын азайту.

«Шелл» концернінің Барлау және өндіру бойынша вице-президенті және Қазақстандағы Төрағасы Дункан ван Берген: «Күннен күнге артып жатқан энергияға деген сұраныс үлкен мәселе тудырады. Қоршаған ортаға әсерін азайта отырып, планета тұрғындарының жылдам қарқынмен өсіп жатқан энергия қажеттіліктерін қанағаттандыру жолын табуымыз керек. Осы өзекті мәселені шешу ең озық инновацияларды және тығыз әрекеттестікті қажет етеді және де біздің жастар осы мәселені шешуде үлкен рөл атқаратын болады. Біздің байқауымыз студенттерді осы маңызды ғаламдық тақырыптар бойынша ойландыруға бағытталған».

KAZENERGY қауымдастығының Бас директоры Болат Ақшолақов: «Қазіргі таңда жас буын үшін ең маңыздысы — болашақ кәсіби ортасында бағалы әрі табысты болу. Талапты әрі жасампаз жас Қазақстандықтарды біріктіретін «Students Energy Challenge» байқауы дәл осындай мүмкіндіктерді ұсынады. Жігерлі, ақылды әрі тапқыр жастарды осы шараға қатысуға шақырамыз».

Толық ақпарат www.kazenergy.com сайтында
Байқаудың кезеңдік қорытындылары "Жаңалықтар" бөлімінде

Байланысатын тұлғалар:

Қатысушылар үшін: Danara@kazenergy.com

БАҚ сұраулары үшін: Assel.Ibrayeva@shell.com

FAQ