Cпикерлер

Қатысуға өтінім

Фуад Серіков

Бас директор, «Қазақ мұнай және газ институты» АҚ

Атырау мұнай және газ институтын бітірген, техникалық ғылым докторы, профессор, Ұлттық инженерлік академияның корреспондент-мүшесі.

Мұнай мен газды өңдеу технологиясы, тасымалдау және экология саласында 140-тан астам ғылыми еңбек жазды, оның ішінде 8 монографиясы бар.

Қазақстанның тәуелсіздігі жылдарында көмірсутегін барлау, өндіру, тасымалдау және өңдеуді қоса алғанда, мұнай-газ саласының негізгі жобаларын іске асыруға қатысты.

тре “Жер қойнауы механикасы” ғылыми-инженерлік орталығында, ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінде, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінде, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында жауапты қызметтерді атқарды.

Қазақ ғылыми-зерттеу, геологиялық барлау, мұнай институтын,  Қазақ мұнай және газ  институтын, «КАЗГИПРОНЕФТЕТРАНС» инжинирингілік компаниясын басқарды.

 «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен, ҚР мұнай және газ министрлігінің «Мұнай-газ саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен, «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдары қауымдастығының медалімен, Қазақстанның сервистік компаниялар одағының медалімен, «ҚазМұнайГаз» ҚК ескерткіш таңбасымен,  «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға еңбек сіңіргені  үшін» ҚР білім және ғылым министрлігінің естелік төсбелгісімен марапатталды.