Cпикерлер

Қатысуға өтінім

Сакари Оксанен

Жаңармалы энергетика бойынша халықаралық агенттіктің. Бас директорының орынбасары (IRENA)

Бас директордың орынбасары дәрежесінде 2015 жылғы желтоқсаннан бастап Сакари Оксанен мырза IRENA жұмыс бағдарламасы мен қосымша ресурстарын басқаруда Бас директорға қолдау көрсетеді. Ол бағдарламалық іс-шараларды жоспарлау, жүзеге асыру, мониторингі және бағалау арасындағы тығыз байланысты қатамасыз ете отырып IRENA бағдарламалық қызметтерін басқарады және бақылайды.

IRENA-ға келгенге дейін Оксанен мырза Финляндия, Қытай, Сингапур және Таиландта жұмыс істеп жатқан екі скандинавиялық консалтингілік топта басқарушы директор қызметін және әртүрлі басшы қызметтерді атқарды. Оның энергетика, инфрақұрылым және өнеркәсіпке арналған техникалық консультативтік және инженерлік жобалау саласындағы халықаралық менеджментте 25 жылдық тәжірибесі бар.

Компания басшысы қызметтеріне қоса Оксанен мырза Африка мен Азиядағы энергетикалық жоспарлау, инвестициялық талдау және жаңармалы энергия көздері және инвестициялық жобалар саласында көптеген ұлттық зерттеулерге кеңесші дәрежесінде қатысты.  

Оксанен мырза Хельсинки  технологиялық университетінің энергия үнемдеу және энергия жүйелері саласындағы магистрі дәрежесін алған.