Cпикерлер

Қатысуға өтінім

Эндрю Браун

Мұнай мен газды барлау және өндіру жөніндегі директор, Royal Dutch Shell

Энди Браун  2012 ж. сәуірде Royal Dutch Shell компаниясының Атқару комитетінің мүшесі болып тағайындалды. Ол   дәстүрлі, тақтатас және тереңдегі ресурстардан мұнай және газ өндіру және барлауды қоса алғанда,  Shell компаниясының ғаламдық барлау-өндіру қызметтеріне жауапты болып табылады.

Энди өзінің қызметтік жолын  Кембридж университетінде техникалық ғылым саласында дәреже алған соң Shell компаниясында   бастады.  1984-2000 жж. аралығында ол Жаңа  Зеландия, Нидерланды, Италия, Брунея және Оманда инженерлік-техникалық және жобаларды басқару саласында жұмыс істеді.  

2000 ж. Энди Таяу Шығыс пен бұрынғы Кеңес Одағының елдері бойынша Shell төрағасы  орынбасарының Аға кеңесшісі қызметін атқарды және  одан кейін 2001 ж. Shell төрағасының көмекшісі болды.   2002-2012 жж. аралығында Басқарушы директор және өкілдік басшысы дәрежесінде ол газдан отын өндіру бойынша құны Pearl GTL $18 млрд. тұратын пилоттық жобаны іске асыру бойынша табысты еңбек етті. 2009 жылы ол Катар бойынша Атқарушы вице-президент лауазымына тағайындалды, бұл қызметінің шеңберінде ол Qatargas 4  СТГ өндірісі бойынша жобаны қоса алғанда Shell компаниясының  Катардағы барлау-өндіру қызметтеріне жауапты болды. 2012-2015 жж. аралығында Энди Халықаралық барлау және өндіру жөніндегі директор қызметін атқара жүріп, Солтүстік және Оңтүстік Америка елдеріндегі қызметтерін есепке алмағанда газ өндіру бойынша өндіруші және кешенді қызметтерді басқарды.

2012 ж. Энди британ-катар іскерлік қатынастарын дамытуға  сіңірген еңбегі үшін Британ  империясының Орденімен  марапатталды. Ол  Инженер-механиктер институтының қызметкері  және  Shell қорының қамқоршысы болып табылады.

Үйленген, төрт баласы бар. Шаңғы спорты, жаяу жүру,  желкенді спорт  және гольфпен  шұғылданады.