Cпикерлер

Қатысуға өтінім

Зденек Збытек

Басқарма Төрағасы. «CZET Консорциумы – чех энергия үнемдеу технологиялары»

1992 жылдан бастап – кәсіпкер, «Чешское Восточное» АҚ Басқармасының Төрағасы, оның қызметтері ТМД елдеріндегі экономикалық әріптестікті жаңарту және тереңдетуге бағытталған.

2008 жылдан бастап «CZET Консорциумы – чех энергия үнемдеу технологиялары»  АҚ (Басқарма Төрағасы) басқарады, бұл ұйым үлкен, шағын және орта энергия қуаттылықтарына энергия технологияларын жеткізетін және жобалайтын 30-дан астам чехтық ірі өндіруші компанияларды біріктіреді.  

Ол Ресей, Молдова, Беларусь және ТМД басқа да елдерінде чех компаниясының энергетика бойынша бірқатар жобаларын бастамалап, үйлестірді.

Чехтық және еуропалық озық технологиялар базасында үлкен, шағын және орта энергетика бойынша энергия үнемдеуші технологияларды енгізу бойынша кешенді бағдарламаны әзірлеген авторы.

Зденек Збытек бастамасымен чех-қазақстандық үкіметаралық комиссияның және энергетикадағы әріптестік жөніндегі жұмыс тобының жұмысы жандандырылды. Зденек Збытек чех-қазақстандық энергетикалық әріптестіктің басты ұйымдастырушысы.  

Қазіргі уақытта – танымал чех бизнесмені және чех-қазақстандық  қатынастарды жан-жақты дамытудың қоғамдық насихатшыларының бірі.