Cпикерлер

Қатысуға өтінім

Д-р Сунь Саньшен

ХЭФ Бас Хатшысы

Д-р Сунь Саньшен ХЭФ Бас Хатшысы қызметіне  2016 ж. 1-тамызда тағайындалды.

Осы қызметке тағайындалғанға дейін д-р Сунь Қытай ұлттық мұнай корпорациясының (CNPC) Экономика және технологиялар ғылыми-зерттеу институының (ETRI)  Президенті болып қызмет атқарды,  онда ол 370 қызметкерден тұратын команданы басқарды. Энергия қауіпсіздігі стратегиясын, “3E” дамыту бағдарламасын (энергия, экология, экономика), төмен көміртекті энергия балансын оңтайландыруды, газға баға белгілейтін қытайлық реформаның “үш қадамын”, сонымен қатар халықаралық энергетикалық ынтымақтастықты қоса алғанда,  энергетикалық саясат мәселелері бойынша Қытай билігіне есеп беруге міндетті бола жүріп д-р Сунь Қытайдың бесжылдық энергетикалық жоспарын әзірлеу процесіне және саясаттың басқа да басты бағыттарына толық қатысты. Д-р Сунь мұнай-газ өнеркәсібін дамыту туралы ETRI есебінің және «Қытайдың энергетикалық көрсеткіштері мен статистикасы» алғашқы есептерінің бас редакторы.

Мұнай-газ саласында 30 жылдық еңбек тәжірибесі бар д-р Сунь мұнай-газ өндіру, сауда және құбыр құрылысы саласында практикалық тәжірибе жинады. Бұрын ол CNPC Халықаралық ынтымақтастық бюросының заң және келісімшарт мәселелері жөніндегі бөлімнің директоры; CNODC (Қытай мұнай және газ барлау және игеру жөніндегі ұлттық корпорациясы) Вице-президенті, JOC Төрағасы және CNPC Greater Nile Petroleum Operating Company компаниясының Президенті, сондай-ақ а также PetroDar  Президенті (когда компания Оңтүстік Судандағы ірі кен орындарының бірінде игеру жұмыстарын бастағанда) қызметтерін атқарды. Saining Corporation CNPC корпорациясының Төрағасы бола жүріп д-р Сунь Лондондағы CNPC мұнай саудасы бойынша операцияларын басқарды. Д-р Сунь сонымен қатар Әзірбайжан мен Өзбекстандағы CNPC еншілес компаниясының Төрағасы, China Kazakhstan Oil Pipeline Co Төрағасы және келіссөздер тобының басшысы болды. Оған қоса қытайлық өкілдіктің өкілі болды, д-р Сунь ОПЕК диалогына қатысып,  CNPC арналған мұнай және дәстүрлі емес газ бойынша өнім бөлісі жөніндегі келісімшарттарды жасау және қайта қарау бойынша бас үйлестіруші болды және CNPC құрылықтағы блоктары бойынша үш тендерге қатысты.

Д-р Сунь Ұлыбританиядағы Данди Университетінің жанындағы Энергетика, минералдық ресурстар саласындағы құқық және саясат орталығында (CEPMLP) құқық саласының магистрі және  Ph.D дәрежесін алған.