Cпикерлер

Қатысуға өтінім

Эйлин Уилкинсон

Геологиялық барлау жұмыстары жөніндегі вице президент, Таяу Шығыс және Солтүстік Африка
«Роял Датч Шелл» жауапкершілігі шектеулі жария компаниясы

Эйлин Уилкинсон — соңғы 16 жыл бойы «Шелл» компаниясының әртүрлі техникалық, өндірістік және стратегиялық салаларында жетекшілік қызметтерін атқарған геолог. Бұлар Мысырдағы геологиялық барлау жұмыстары жөніндегі менеджер және Еуропа, Таяу Шығыс, Африка және Азия аумақтарындағы мүмкіндіктер мен ықтимал даму бағытын айқындау қызметтерін қамтыды.

Таяу Шығыс және Солтүстік Африкадағы қазіргі геологиялық барлау жұмыстары жөніндегі вице президент лауазымында Эйлин жылына шамамен 30 барлау ұңғымасын бұрғылау жұмыстары мен бірнеше сейсмикалық барлау бағдарламасына, миллиондаған долларды құрайтын бюджет пен шамамен 100 техникалық және техникалық емес қызметкерден тұратын топқа жауапты. Ол геологиялық барлау жұмыстарының барлық техникалық аспектілерін бақылай отырып, өңірдегі жаңа қызмет мүмкіндіктері бойынша есеп беріп отырады. Сондай-ақ ол өңірдегі «Шелл Эксплорейшн» компаниясының сыртқы өкілі болып табылады. Эйлин үшін ең маңыздысы денсаулық, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы болғандықтан, ол әсіресе қашықтағы өндірістік алаңдарда жеке өзінің болғаны қажет деп ойлайды.

Австралияның Канберра қаласының тумасы Эйлин Сидней университетін үздік дипломмен тәмамдап, геология саласында ғылым бакалавры дәрежесін алып шықты. Ол 2001 жылы «Шелл» компаниясына келмес бұрын Австралия, Жаңа Зеландия және Оңтүстік-Шығыс Азияда геолог ретінде жұмыс істеген.

Эйлин Мұнай саласында кеңес беру жөніндегі әйелдер комитетінде «Шелл» компаниясына өкілдік етеді, «Шелл» компаниясы шеңберіндегі «Women’s Network» (Іскерлік әйелдер желісі) шараларының тұрақты қатысушысы болып табылады, компанияда басқару модульдерін оқытады және әртүрлі қызметкерлерден құрылған топқа тәлімгерлік етеді.