Cпикерлер

Қатысуға өтінім

Лука Виньяти

Атқарушы Вице-президент, Орталық Азия өңірі. Эни

1963 жылы Италияның Мачерата қаласында туған. 2016 жылдың шілдесінен бері Атқарушы Вице-президент.

Тәжірибесі

Эни тобына мансабын Аджип СПА компаниясының игеруші инженері ретінде бастап қосылған.

Коноко Филипс компаниясына ұзақ мерзімді іссапар аясында 1991 жылы Норвегиядағы өндіріс инженері жұмысынан кейін Италияға қайтып барады. Италияда бас кеңседе және Ортона мен Равенна сияқты өндіру өңірлерінде аға өндіріс инженері (1993-1994), аға игеруші инженер (1994-1995) және мұнайшы инженерлер бөлімінің бастығы (1996-98) ретінде қызмет атқарады.

1998 мен 2000 жылдардың арасында Тунистегі «SITEP JV» компаниясының игеру бойынша Бас директор болып қызмет атқарады.

2008-ші Эниге қайтқан жылына дейін Италияда орташа көлемді өнім жасайтын компанияда бас менеджері ретінде жұмыс істеген. 2009 жылы Энидің Ұлыбритания кеңсесінде Техникалық директор, ал 2010 жылы Түркменстандағы «Burren Resources Petroleum Limited» компаниясының Басқарушы директоры болып тағайындалады.

2011 жылы Мысырға «Agiba» компаниясының Бас менеджері мен Басқарушы директоры ретінде барады.

2012 жылдан бастап Қазақстанда «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» компаниясының Өндіріс директоры және Бас директоры орынбасары (2012-2014) және «Аджип Қарашығанақ БВ» компаниясының Басқарушы директоры және Резидент менеджері (2015-16) ретінде қызмет атқарады.

2016 жылдың шілдесінде кеңсесі Астанада Орталық Азия өңірі бойынша Атқарушы Вице-президент болып тағайындалады.

1988 жылы Болонья университетін тау-кен инженері мамандығы бойынша бітірген.