Cпикерлер

Қатысуға өтінім

Тимур Тоқтабаев

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Вице-Министрі

Т. С. Тоқтабаев 1981 жылы 26 қазанда дүниеге келген. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясының түлегі. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін «Қаржыгер» мамандығы бойынша, Қ.И.Сәтбаев атындағы  ұлттық техникалық университетін «Геология және пайдалы қазба кеніштерін барлау» мамандығы бойынша бітірді. 2003 жылдан бері мемлекеттік қызметте, 2006 жылы Геология және жер қойнауын пайдалану комитетіне қарасты «Қазгеоинформ» геологиялық мәліметтер орталығы жетекшісінің орынбасары, «Таукен-самұрық» ұлттық тау кен компаниясында департамент директоры қызметтерін атқарған.

Соңғы тағайындауға дейін ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Жер қойнауын пайдалану департаментінің директоры болды. 2016 жылдың қаңтарынан бастап ҚР ИДМ этика жөніндегі уәкілетті өкілі.

ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 11 шілдедегі №399 Қаулысымен Тоқтабаев Тимур Серікұлы ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі болып тағайындалды.