Cпикерлер

Қатысуға өтінім

Адам Семински

Энергетика және геосаясат жөніндегі Джеймс Р. Шлезингер ат. Төраға, Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығы (CSIS)

Адам Семински CSIS Энергетика және геосаясат жөніндегі Джеймс Р. Шлезингер ат. Төраға қызметін атқарады. Орталыққа келгенге дейін ол 2012 жылғы маусымнан бастап 2017 жылғы қаңтарға дейін АҚШ энергетика саласындағы ақпаратты басқару әкімшісі болды (EIA). 2012 жылғы мамырдан бастап Ақ үйде Ұлттық қауіпсіздік кеңесі энергетика және қоршаған орта мәселелері жөніндегі аға директоры болды. Бұрын ол Deutsche Bank энергетика жөніндегі бас экономист болды, онда ол ауқымды салалық, мемлекеттік және академиялық көздеріне сүйене отырып банктің ғаламдық зерттеулері және сауда бөлімшелерімен жұмыс істеді. нде істеді, энергетикалық нарықтағы алғышарттар бойынша болжамдар жасады, энергетикалық экономика, климат өзгерістері, геосаясат және шикізат бағасын қозғайтын әртүрлі тақырыптарда мақалалар жазды. Бұдан бұрын Семински мырза  АҚШ басты халықаралық мұнай компанияларына жауап беретін NatWest Securities аға энергетикалық талдаушысы болып істеді. Сонымен қатар АҚШ энергетика саасындағы экономика қауымдастығының басты халықаралық мұнай компанияларына жауап беретін аға ғылыми қызметкері және мұнай саласындағы Ұлттық инвестициялық талдаушылар қауымдастығының президенті болды. 2006 жылы энергетика министрі Самуэль Бодман мырза Семински мырзаны Ұлттық мұнай кеңесіндегі (NPC) қызметке тағайындады, онда ол мұнай және газ жөніндегі «Сұйық шындық» деп аталатын NPC ғаламдық зерттеулерінің авторларының бірі  болды. Семински мырза бұдан бұрын CSIS энергетика және ұлттық қауіпсіздік бойынша бағдарламасының аға кеңесші-бейрезиденті болды. Ол сонымен қатар Джон Хопкинс Университеті Озық халықаралық зерттеулер мектебінің (SAIS) энергетика және қоршаған орта саласындағы ғаламдық бастамасы бойынша консультациялық кеңесінің мүшесі, Тәуелсіз Америка мұнай қауымдастығының сұраныстар мен ұсыныстар комитетінің төрағасы болды және Халықаралық қатынастар кеңесінің (CFR) Стратегиялық энергетикалық жұмыс тобына мүшелік етті. Ол CFA Society Washington, DC мүшесі  және дипломды қаржы талдаушысы CFA). Семински мырза азаматтық нысандар құрылысы саласындағы бакалавры және Корнельск университеті мемлекеттік басқарма магистры дәрежесін алған.