Cпикерлер

Қатысуға өтінім

Алмасадам Сәтқалиев

«Самұрық - Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы

1970 жылы 31 қазанда Алматы қаласында туған.

1992 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін тәмамдаған, қолданбалы-математик, механик.

Экономика ғылымдарының кандидаты. ТМД-ның еңбек сіңірген энергетигі.

1992 жылғы тамыздан – «ТаССат» ЖШС директоры.

1997 жылғы қыркүйектен – «ҚазТрансОйл» ҰМТК» АҚ менеджері, клиринг департаментінің бастығы, жобаларды басқару департаментінің бастығы.

1998 жылғы тамыздан – «ҚазТрансОйл» ҰМТК» АҚ басқарушы директоры, экономика жөніндегі вице-президенті.

2001 жылдың қаңтар айынан бастап – «KEGOC» «Электр желісін басқару бойынша Қазақстандық компания» АҚ-да қаржы директоры, экономика жөніндегі вице-президенті.

2003 жылғы қарашадан – «KEGOC» АҚ бірінші вице-президенті.

2006 жылғы мамырдан – «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» АҚ «КЕGOC» АҚ бойынша директоры-топ жетекшісі

2006 жылғы желтоқсаннан – «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» АҚ Электр энергетикалық активтерді басқару жөніндегі директоры.

2007 жылғы қаңтардан – Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің орынбасары.

2007 жылғы қыркүйектен – «KEGOC» АҚ Президенті, 2008 жылғы қазаннан - «KEGOC» АҚ вице-президенті.

2009 жылғы желтоқсаннан – «KEGOC» АҚ Басқарма Төрағасы.

2011 жылғы маусымнан – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқарушы директоры.

2012 жылғы қаңтардан – «Самұрық-Энерго»  АҚ Басқарма Төрағасы.


Өзге лауазымдары:

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі;

Қазақстан электрэнергетикалық қауымдастығы Директорлар кеңесінің мүшесі;

KAZENERGY қауымдастығы Кеңесінің мүшесі;

KAZENERGY қауымдастығында Энергетика саласын дамыту жөніндегі кеңес төрағасы;

«Самұрық-Энерго» АҚ активтерді және объектілерді сату жөніндегі комиссия төрағасы;

Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Энергетика комитетінің төрағасы,Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа мүшесі;

Ұлттық Энергетикалық Кеңес комитетінің Ұлттық комитет төрағасы;

«Қазақстан машина жасаушылар одағы»  ЗТБ жанындағы Энергетикалық және электр техникалық машина жасау  комитетінің төрағасы;

Қазақстан  тарапынан Қазақстан-Корей Іскерлік кеңесінің тең төрағасы;

Мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту жөніндегі комиссияның ведомствоаралық мүшесі;