Cпикерлер

Қатысуға өтінім

Педро Мирас Саламанка

Бағдарлама бойынша вице-президент. Дүниежүзілік мұнай кеңесі

Саламанка мырзаның жеке және мемлекеттік сектордағы көмірсутегі (мұнай және газ) саласында 28 жылдық тәжірибесі бар, атап  айтқанда, REPSOL (халықаралық мәселелер, өңдеу, стратегиялық жоспарлау), Ұлттық энергетикалық комиссияда (мұнай және биоотын), МЭА (өкіл), SEQ (Төраға) және CORES (Директорлар кеңесі).

Қазіргі уақытта Испандық Стратегиялық мұнай резервтері корпорациясының (CORES) Төрағасы, Төтенше мәселелер бойынша тұрақты топтың  (SEQ), Халықаралық энергетикалық агенттіктің Төрағасы, Дүниежүзілік мұнай кеңесінің (WPC) Испания Ұлттық Комитетінің Төрағасы, Бағдарламалық комитеттің Төрағасы (CPC) WPC, WPC Атқарушы комитетінің бағдарламалық мәселелер жөніндегі Вице-президенті, сонымен қатар  Enerclub (Club Español de la Energía) Испания энергетика клубы Басқарушы комитеті мен Директорлар кеңесінің мүшесі қызметтерін атқарады.

Бұрын ол Испаниядағы Repsol Group мүдделерді қорғау мәселелері жөніндегі директоры, Испания мұнай өндірісінің кәсіпорындары қауымдастығы Директорлар кеңесінің мүшесі (AOP), Ұлттық энергетикалық комиссияның (CNE) ЖЖМ және биоотын мәселелері жөніндегі директоры, Испандық акционерлік корпорацияның (CORES) Директорлар кеңесінің мүшесі болды.

Саламанка мырзаның үш дәрежесі бар: өндірістік инжиниринг бакалавры, іскерлік әкімшіліктендіру магистры және халықаралық іскерлік әкімшілендіру магистры.

Оған қоса ол Испандық энергетикалық клубтың, CIRCE қорының,  Менендеса Пелайо халықаралық университетінің және басқаларының экономика және энергетикалық жүйелерді реттеу мәселелері жөніндегі Профессоры болып табылады.

Саламанка мырзаның халықаралық форумдарда, олардың ішінде  Еуропалық Комиссия (по программам сотрудничества), Халықаралық энергетикалық агенттік (семинары и круглые столы), АҚШ Энергетика департаменті  (Petrostocks конференциясы), ARIAE, ACOMES, сонымен қатар басқа да халықаралық институттар ұйымдастырған шараларға модератор және баяндамашы дәрежесінде қатысудағы тәжірибесі мол.

Ол сонымен қатар энергетика саласындағы әртүрлі баспалармен әрекеттестік етеді және халықаралық кездесулерге және ХЭА ұйымдастырған төтенше жағдайларды модельдеу бойынша оқуларға фасилитатор дәрежесінде қатысады.